Понедельник, 11 марта 2019 12:34

Жамбыл облыстық комитетінің жетекшісі 14 баланы тәрбиелеп отырған батыр-ананы мерекемен құттықтады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұрәлиев он төрт бала тәрбиелеп өсірген батыр-ана Надежда Скорнякты Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. 

Надежда Ресейдің тумасы, ал жолдасы Яков жамбылдық. Олар 1983 жылы Джамбулда отбасын құрған. Қазіргі таңда Яков пен Надежда кенже балаларымен тұрады, ал үлкендері өз отбасыларын құрған. Тұңғыштары Тимофей қазір 35 жаста, ол Краснодарда тұрады. Анатолий, Ирина, Роман және Светлана есімді балалары Тараз қаласының  №35 орта мектебінде оқиды. Бұдан басқа Нина,   Константин, Максим, Яков, Галина, Надежда, Вера, Любовь және Юлия есімді ұл-қыздары бар. .

Яков пен Надежда балаларды жастайынан еңбекке баулып, құрмет пен ізеттілікке тәрбиелеген. Отбасы қиын кездерді де бастан кешкен, сол кездері балалары да еңбек етіп, ата-аналарына жәрдемдескен. Олар ешқашан қымбат смартфон немесе кроссовкиді талап етпеген, құрбылары арасында да сыйлы болған.

Жарылқасын Нұрәлиев Надежданы және оның қыздарын әйелдер мерекесімен құттықтап, отанасына гүл шоқтарын сыйлап, иығына орамал жапты.

Zhamb8Marta 3Zhamb8Marta 3Zhamb8Marta 3Zhamb8Marta 3

Прочитано 52 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.