Четверг, 14 марта 2019 10:51

Коммунистер Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып су тасқыны мезгіліне дайындық өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Осы жылдың 13 наурызында ҚКХП-ның Целиноград ауданындағы өкілі  өкілі Дәурен Тасболатов құзыретті органдардың қызметкерлерімен бірге ауданның көктем маусымының дайындық іс-шараларына қатысты.

Ауданның ТЖ қызметі өткен жылғы тасқындардың себептеріне талдау жүргізіп, тасқынға қарсы штабқа ақпарат жіберген. Биылғы  көктемге де талдау жүргізіліп, су қоймаларындағы мұзды қопсыту мен ұсақтау, елді мекендерден қарды шығару  бойынша ұсыныстар енгізілген.

Тасқынға қарсы штаб мүшелерімен бірге Дәурен Тасболатов гидроқұрылғыларды аралап, коммуналды кәсіпорындардың алдын алу шараларын өткізу дайындықтарынан хабардар болды.  Жергілікті билік тасқынға қарсы қызмет техникасына ЖЖМ, насостар мен мотопомпалар, қаптар және басқа қажетті заттар алуға қаражат бөлген. Ауданда төтенше жағдай кезіндегі әрекет жайлы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нұра, Есіл өзендері бассейінінде және Астана су қоймасындағы ылғал қорының деңгейі тексерілді.

Ауданда жоспарлы режимде табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ алдын алу және салдарын жою жөнінде комиссия жұмыс істейді.

CelinogPavodki 5CelinogPavodki 5CelinogPavodki 5CelinogPavodki 5CelinogPavodki 5

Прочитано 6 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.