Пятница, 15 марта 2019 12:45

Қарағанды облыстық комитеті су тасқынының алдын алу шараларына арналған кеңейтілген Бюро отырысын өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті облыстық ТЖД өкілдерінің қатысуымен 2019 жылғы су тасқыны маусымына дайындық жұмыстарына арналған  кеңейтілген Бюро отырысын өткізді. 

Обкомның бірінші хатшысы Александр Зевахин мен екінші хатшы Анатолий Баранов құтқару қызметінің дайындық жағдайы, гидроқұрылғылар мониторингі, хабарлау жүйесінің жұмысы сияқты сұрақтарды дайындаған.

ТЖД-ның бас маманы Ғабит Қалыбеков пен ТЖ подполковнигі Бауыржан Ақбасов коммунистерді дайындық деңгейі туралы ақпараттандырып, барлығы бақылауда екендігіне сендірді.

ТЖД өкілдерінің сөзінше, елді мекендерде су басуды болдырмау бойынша  алдын алу шаралары жүргізілген. Бұл 155 елді мекенде су тасқыны салдарын ықшамдауға септігін тигізеді, 77 пункте 180 қорғау дамбалары мен дуалдар нығайтылған және тұрғызылған.  Гидротехникалық ғимараттарда жөндеу жұмыстары, гидротүйіндер мен бұрма каналдарда санация жүргізілген. 

Қар шығарылып жатыр, қазіргі таңда 1000 кубметр қар тазартылған. Атқарушы органдармен бірге халық арасында үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан және ауылды округтардың әкімдері дағдарыс жағдайында әрекет ету бойынша үш күндік тағлымдамадан өткен. Барлық аудандарда қажетті материалдық-техникалық заттардың қоры дайындалған.  Шағын авиация әзірленген. Ірі су қоймаларында су жіберу және ірі кептелістерді болдыртпау үшін мұз жару жүргізіліп жатыр.

KRGPavodki 2KRGPavodki 2

Прочитано 111 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.