Четверг, 14 марта 2019 14:32

Астанада әйелдердің өзекті мәселелері талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Астана қалалық комитетінің кеңсесінде 2019 жылдың 14 наурызында «Әйел – мемлекеттік қызметші, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» деген тақырыпта қоғамдық талқылау өтті.

Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан құрылған көпбалалы аналардың құқығын қорғауға қатысты жұмыс тобының мүшелері Б.Исмаилова мен С.Трубецкая, кәсіпкер, «Jeff Tailor» тігін үйінің иесі Г.Өтелбаева және басқа да кәсіпкер-әйелдер, ұстаздар, көпбалалы аналар қатысты.  Олар әйелдердің өзекті мәселелерін талқылады.

Гендерлік саясат әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты қамтамасыз етеді. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу керек. Қазақстан Республикасында әйелдердің мәртебесін көтеру үшін үкіметтік емес ұйымдар құрылып жатыр. Бүгінгі таңда елімізде әйелдердің 150 бейресми ұйымы мен ғылыми орталықтары қызмет етеді. Олардың барлығы әйелдердің өзекті мәселелеріне ортақтасады.

Коммунистердің пікірінше, гендерлік теңдік мәселесінде шетелдік тәжірибе мен тәсілдерге сүйене бермей, өзімізге тән құндылықтарды қалыптастыруымыз керек. Әр әйелдің ана әрі жар екенін есте ұстап, оның мойнына ұрпақ тәрбиесі жүктелгенін қаперімізде ұстауға тиіспіз. Оларға бұл тұрғыда да қолдау қажет.

AstObshDiskuss 6AstObshDiskuss 6AstObshDiskuss 6AstObshDiskuss 6AstObshDiskuss 6AstObshDiskuss 6

Прочитано 40 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.