Понедельник, 25 февраля 2019 15:42

Жастар болашағы – ел болашағы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Жуырда ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Жастар – елдің стратегиялық ресурсы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің жетекшілері мен қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері, жастар үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері, жас кәсіпкерлер мен студенттер қатысты. 

Қатысушылар алдында ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшысы Қайсар Сәрсенбаев сөз сөйледі:

- Қазіргі жастар өзгерістердің маңызды және негізгі факторы болып табылады, олар жаңа инновациялық және шығармашылық идеялардың қайнар көзі. Жаңа өмірге қадам басып отырған жастар өз болашақтарына үлкен қызығушылық танытады. Сондықтан ХХІ бізге ғасырдың талаптарына сай болатын заманауи мемлекеттік жастар саясаты қажет.

Спикер негізгі талқыланатын тақырыптарды атап өтті: жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі; жастардың жұмыспен қамтылуы; жастар мен жас отбасыларға арналған баспана. Сонымен қатар ол қатысушыларды «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының депутаттық сауалдарымен таныстырды.

Қоғамдық пікірталастың спикерлері қалалық мәслихат депутаты Владимир Витченко, «Ауыл» партиясының СҚО-дағы өкілі Иван Кендюх, ҚКХП СҚ ОК Жастар қанатының жетекшісі Виктор Сауков, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының жетекшісі Құралай Жарова, ДАМУ «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бөлімшесінің қызметкері Мұратбек Сердалинов, облыстық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Роксана Орынбасарова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ маманы Самат Макижанов, СҚМУ студенті Жанат Какимов  жастардың әлеуметтік-мәдени бейімделуі, бәсекеге қабілетті жастарды дамыту, жастарды жұмыспен қамту және баспаналы болу сияқты өзекті мәселелерге талдау жасады. 

Іс-шара соңында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының елдегі жастар саясатын  жетілдіруге қатысты ұсынысы жарияланды. Сонымен қатар жергілікті партия бөлімшелері және мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер  Солтүстік Қазақстан облысының жастарымен жұмыс жүргізудің оң нәтижелеріне қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласты. 

SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14SKOMolodezh 14

Прочитано 200 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.