Четверг, 28 февраля 2019 15:31

Интернационализмнің ұстанымдары коммунистік қозғалыстың ажырамас бөлігі болып табылады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

28 ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық комитеті Жастар қанаты мүшелерінің  қатысуымен «Коминтерннің құрылуы» тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді. 

- Биыл 1919-1943 жылдары әртүрлі мемлекеттердің коммунистік партияларын біріктірген халықаралық ұйым Коммунистік интернационалдың құрылғанына 100 жыл толып отыр.  Коминтерн социализм идеясын дамыту мен ілгерілету жолында ауқымды жұмыс атқарды. Соның нәтижесінде тарихи және ғылыми мұра болып отырған көптеген құжаттар қалған, - деді сөз басында ҚКХП БҚОБ бірінші хатшысы С.Жарлығасымов.

 Обкомның екінші хатшысы Н.Есенәлиев баяндама оқыды.

- Коминтерн, ІІІ Интернационал бұл – әртүрлі мемлекеттердің компартияларын біріктірген халықаралық ұйым.  Коммунистік интернационал өз қызметін 1919 жылдан бастап 1943 жылға дейін жүргізді.  Оның негізін қалаушы және ұйымдастырушысы В.И. Лениннің басшылығындағы РКП (б) партиясы болды. Коминтерн әлем елдерінің жұмысшыларын біріктіруге үндеді. Ол ұлттық теңдікті қолдады. Коминтерннің қызметі еңбек жағдайын жақсартуға, жұмысшылардың табысын арттыруға бағытталды. Ал кейін фашизмге қарсы тұратын біртұтас майдан құруды көздеді. Коминтерн қайраткерлері буржуазияға қарсы болып, билік халық қолында болатын социалистік қоғам құруды насихаттады. Коминтерн қызметі бүкіл әлемдегі коммунистік қозғалыстың әрекет ету тактикасы мен стратегиясын құруға мүмкіндік берді. Ол халықаралық сахнадағы маңызды оқиғаларға ықпал ете алатын үлкен саяси күш болды. Жастар коммунистік интернационалы Коминтерн құрамына секция ретінде кірді, бірақ жеке ұйым болып есептелді.  Ол 1919 жылы  әлемнің әртүрлі елдерінің жастар қозғалысын біріктіру мақсатында құрылды, - деді баяндамашы.

ZKOKomint 3ZKOKomint 3ZKOKomint 3

Прочитано 15 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.