Понедельник, 18 марта 2019 10:25

Қостанай облыстық комитетінде «Аймақтағы су тасқыны жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 15 наурызында ҚКХП Қостанай облыстық комитеті «Аймақтағы су тасқыны жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Дөңгелек үстел жұмысына билік және саяси партиялардың, ҮЕҰ-дың өкілдері, қала тұрғындары мен БАҚ қатысты.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары мен Қостанай қ. әкімдігінің ТЖ бөлімі жетекшісінің мәліметі бойынша, облыстық ТЖ департаменті мен аудандар бойынша 2019 жылғы тасқын маусымына дайындық барысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылған. 

Іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізіліп, штабтар құрылған, техника дайындықтан өткен. Сондай-ақ инертті материалдар мен қаптардың қоры әзірленген.  Елді мекендерден қар шығарылып, үйлердің шатырлары мен автокөлік жолдары тазартылып жатыр. Халықты эвакуациялау жоспары құрылып, азаматтарды эвакуациялайтын орындар, азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры анықталған. Қала және аудан әкімдері су басу қаупі болған жағдайда үй шаруашылығындағы малдарды орналастыратын орындарды анықтап қойған. Шұғыл әрекет ету және жеке құрам отрядтары әзірленген. Төтенше жағдай аумағына түсіп отырған басқару органдары, кәсіпорындар мен ұйымдарды хабардар етудің схемалары есепке алынған.  Топтық-штабтық оқыту жұмыстары жүргізіліп, облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен қажетті қаражат бөлініп жатыр.

Дөңгелек үстел қатысушылары талқылау барысында облыс және қала әкімдеріне гидроқұрылғылар мен су қоймаларының жағдайына назар аударуды және оқыс жағдайлардан шығу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды ұсынды. Сондай-ақ  құрылыс нысандарын пайдалануға беру, құрылыс және жоспарлау  барысында ТЖ сарапшыларының қатысуын талап етуді ұсынды.

Кездесу соңында коммунистер қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, құттықтау хаттарын табыстады.

KostKrugSt 4KostKrugSt 4KostKrugSt 4KostKrugSt 4

Прочитано 132 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.