Вторник, 12 марта 2019 10:10

Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің актив отырысы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 6 наурызында Өскеменде ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың  басшылығымен отырыс өтті. Отырыста «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жария еткен «Бақуатты қоғамы: онжылдықтың 10 мақсаты» атты партиялық бағдарламаның басым бағыттары талқыланды.

Өз сөзінде Даниал Ахметов денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларының қызметкерлеріне жалақы көбейтілетіндігі туралы хабардар етті. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстанда бұл санатқа 84,5 мың адам ілінеді. Олардың жалақысы осы жылдың 1 шілдесінен бастап 30%-ға артады.

Сонымен қатар облыс және аудан деңгейінде тікелей азаматтармен жұмыс істейтін  3,6 мың мемлекеттік қызметкерлердің табысы орташа есеппен алғанда 25%-ға көтеріледі.

- Өзімнің орынбасарларыма, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына осы санаттағы адамдардың жалақысын арттыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржының есебін дайындауды тапсырамын, - деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ облыс әкімі аймақтағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету бойынша облыстық әкімдік тарапынан қолға алынатын шаралар туралы айтты.

Актив отырысының жұмысына ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов қатысты.

Прочитано 98 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.