Четверг, 14 марта 2019 10:00

ШҚО-да көктемгі су тасқынын алдын алу шаралары талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 13 наурызында Өскемендегі Талдау және болжам жасау институтында Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бастамасымен «ШҚО-дағы су тасқыны жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырысқа ҚР ІІМ ШҚО ТЖК-ның, облыстық Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, саяси партия бөлімшелерінің, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

ҚКХП ШҚОБ бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов отырысты аша келе:

- Біз өзіміздің аймақ үшін маңызды мәселені талқылауды ұсынып отырмыз. Өкінішке орай біздің облыс су тасқыны мәселесіне жыл сайын  тап болады. Өткен жылдың көктемінде Аягөз, Шемонаиха, Глубокое, Зырян аудандары мен Семей қаласында ауыр жағдай болды. Су кеткен соң, облыстық бюджеттен үйлер мен ғмираттарды қалпына келтіруге, адамдарға көмектесуге ауқымды қаражат бөлу қажет болды. Биылғы жылы да әртүрлі мәлімет бойынша, облыстың 100 елді мекеніне су басу қаупі төніп тұр. Өткен жылдағы жағдай ескеріліп, биылғы жылы жаппай су басуды болдырмау мүмкіндігі бар деп сенеміз. Биылғы жылғы су тасқынына қарсы кампания жергілікті атқарушы орган мен салалық ведомстволардың жауапты және кәсіби бақылауында болып, ешқандай ауыр жағдай, қосымша мемлекеттік шығын мен өзге де келеңсіздіктер орын алмайды деп үміттенеміз, - деді.

ҚР ІІМ ШҚО ТЖК қызметкерлері полковник А.Ломыгин мен подполковник К.Боровиков өз ведомстволарының тасқынның алдын алу және ескерту жөніндегі жұмыс жауапкершілігі аумағы туралы айтып берді. Облыстық әкімдіктің көрсетіп отырған қолдауына ерекше назар аудартты. Әкімдік биылғы жылы аймақтағы қар қоры жағдайына жерді қашықтықтан зондтау спутниктік түсірілімдер көмегімен мониторинг жүргізуге қаражат бөлген.  Баяндамашылардың айтуынша, жүргізілген талдаулар нәтижесінде 100 елді мекеннің, шамамен 44 мың адам тұратын 14,4 мың тұрғын үйлердің тасқын аумағында қалу қаупі бар.  Дегенмен тасқын жағдайы алдағы ауа райына байланысты. Ауа райы қолайсыз болған жағдайда су басу қаупі төніп тұрған 74 елді мекен анықталған.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының қызметкерлері Болат Батибаев пен Жадыра Мұстафина «ШҚО-дағы 2017-2020 жж. тасқын қаупінің алдын алу және жою бойынша шаралар кешені» Жол картасы бойынша жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуы туралы айтып берді.

«Нұр Отан», ҚКХП, «Ақ жол», «Ауыл» саяси партияларының облыстық бөлімше өкілдері ТЖК қызметкерлерінің облыс аймақтарында тасқын қаупі туралы шұғыл ақпаратты ұсынуда партиялардың аудандық құрылымдары өкілдері қызметін жандандыруға қатысты ұсынысын қолдады.

VKOKrugSt5VKOKrugSt5VKOKrugSt5VKOKrugSt5

Прочитано 14 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.