Понедельник, 18 марта 2019 17:27

Павлодар облыстық комитеті әйелдер мәселесін талқылады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Гендерлік теңдік мәселесі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Қазақстандық әйелдердің басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау және қоғамдық тамақтану салаларында жұмыс жасайды. Бұл салаларға елдің ІЖӨ-нің 2% ғана тиесілі. Ал әйелдердің жалақысы ер адамдарға қарағанда 33%-ға төмен. Басшылық қызметте отырған әйелдер аз: 10% мемлекеттік қызметкерлер, 16 министрге 1 әйел министр, облыс әкімдігі басшылығында бірде бір әйел азаматша жоқ.

Сондықтан мансаптық өсім мен әлеуметтік лифт деген ұғым біздің әйелдерден алшақ. Әйелдер қауымы лайықты саяси көшбасшы бола алады ма? Біздің елде саяси мансапқа ер адам лайықты деген түсінік қалыптасқан. Жоғары білім алу әйелдер әлде ер адамдар үшін маңызды ма? Қазақстандықтардың 9 % ер адамға жоғары білім маңыздырақ деген ойда. Анасы жұмыс істеп жүргенде зияны балаға тиеді ме? Осы пікірге 40% азамат қосылып отыр. Отбасында әйел адам ер азаматқа қарағанда көп табыс табады дегенге көзқарасыңыз қандай? Әрбір төртінші қазақстандық мұны проблема көреді. Яғни ер адам әйелге қарағанда көп табыс табуы тиіс. Ал азаматтарымыздың 40% әйел адам ер адамнан көп табыс таба алады деген ойда. Кәсіпкерліктегі әйелдерге көзқарасыңыз? Кәсіпті  әйелдерге қарағанда ер адамдар жақсы жүргізеді  деп ойлайсыз ба? 52% адам бұл пікірмен келіседі.

Қазақстандық әйелдердің мүлтіксіз портреті: ол үй шаруасындағы әйел, көп жағдайда жоғары білімі жоқ, жұмыс істесе,  балалары қараусыз қалады.

ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Әйел – мемлекеттік қызметкер, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» тақырыбындағы қоғамдық пікірталаста Павлодар облысы ҚІӘА төрағасы А.Дяк, Кәсіпкер-әйелдер клубының жетекшісі И.Фогель мен кәсіпкер әйелдер сөз сөйледі. 

Мемлекеттік қызметтегі әйелдер атынан Павлодар облысы Ішкі саясат басқармасы ҮЕҰ жұмыс жөніндегі бөлім басшысы А.Құрманғалиева, ал көпбалалы аналар атынан Ш.Баужанова сөз сөйледі. 

Пікірталас барысында Қазақстандағы әйелдердің негізгі төрт мәселелері алға тартылды: гендерлік стереотиптер, әйелдердің әлеуметтік қорғалмауы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, барлық деңгейдегі билікте әйелдердің өкілділігі.

PavlDiskusZhens 7PavlDiskusZhens 7PavlDiskusZhens 7PavlDiskusZhens 7PavlDiskusZhens 7PavlDiskusZhens 7PavlDiskusZhens 7

Прочитано 25 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.