Среда, 20 марта 2019 12:10

Атырау облысында «Көктемгі шақырылым» акциясы өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Егер де Сіз Қазақстан Республикасының жасы  кәмелетке толған азаматы болсаңыз, ешқандай партияның мүшесі болмасаңыз, ҚКХП  Бағдарламасы мен Жарғысын қолдасаңыз, Отаныңыздың тағдырына бей-жай қарамасаңыз, коммунистік идеалдар үшін күресуге дайын болсаңыз – Сіз коммунист бола аласыз!

М.А. Фетодовтың басшылығымен Қазақстан Коммунистік жастар одағы белсенділерінің ұйымдастырумен өткен «Көктемгі шақырылым» акциясы халық арасына осындай үндеу салды. Жас коммунистер парақшалар таратып, партия қатарына қосылуға шақырды.

«Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мақсаты шынайы халық билігі, әлеуметтік әділдік, ғылыми-техникалық прогресс пен ғылыми социализм  негізінде еркін және дамыған экономика құру болып табылады. ҚКХП идеологиясына сай қоғамның өзегі толық азаматтық құқыққа, өзінің қабілетін көрсету және ашу мүмкіндіктеріне ие адам болуы тиіс.  Қатарға жаңадан қабылданған коммунистер бұл талаптардың барлығына сай болатынына сенімдіміз, - деді акция ұйымдастырушылары.

AtirVesenPriz 8AtirVesenPriz 8AtirVesenPriz 8AtirVesenPriz 8AtirVesenPriz 8AtirVesenPriz 8AtirVesenPriz 8AtirVesenPriz 8

Прочитано 168 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.