Вторник, 26 марта 2019 09:41

Қарағандылық коммунистер Наурыз мерекесімен «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Наурыз – Қазақстандағы ең жарқын әрі шырайлы мереке. Бұл – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.

Мереке қарсаңында ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады. Облыстық комитет балалар үйімен көп жылдар бойы тығыз байланыста, ал Александр Михайлович қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылады.

Балалар үшін театр әртістері арнайы концерт дайындады. Балалардың өздері де меймандарға ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Тәрбиеленушілер қазақ салтынан хабардар болсын деген мақсатпен, оларға көшпенділердің өмірі мен Наурызды дәстүр бойынша қарсы алу сияқты театрландырылған көрініс көрсетілді. Бұл көріністер тарихтан сыр шертіп қана қоймай, балаларды отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Өзінің құттықтау сөзінде Александр Зевахин балалар мен тәрбиешілерге денсаулық пен бақыт тіледі. 

«Әрбір балаға қамқорлық қана емес, ең бастысы ата-ананың махаббаты, қолдауы қажет. Әрине, мен бұл сөздерді дауыстап айтпадым, балалардың көңілдеріне сызат түсірмеу үшін. Бірақ мен олардың өздерінің отбасылары, жақсы көретін және мейірімге бөлейтін ата-аналарының болғанын қалаймын. «Құлыншақ» жақсы балалар үйі, бұл жерде керемет тәрбиешілер мен ұстаздар қызмет жасайды, бірақ отбасы, жанұя деген өзгеше ғой. Бұл жерде балаларға деген қамқорлық ерекше. Балалар үйінің жағдайы да жақсы. Барлық ұжым – бір отбасы, мен үшін де бұл балалардың жөні бөлек. Дегенмен әрбір баланың өз отбасы болса екен деймін, ата-аналар балаларын тастамаса екен. Бұл менің Наурызда тілеген үлкен арманым», - деп бөлісті Александр Зевахин. 

ҚКХП Қарағанды ОК баспасөз қызметі

KaragKulinshak 7KaragKulinshak 7KaragKulinshak 7KaragKulinshak 7KaragKulinshak 7KaragKulinshak 7KaragKulinshak 7

Прочитано 107 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.