Среда, 27 марта 2019 10:00

Ақтөбелік коммунистер Әлімбет ауылының тұрғындарына Наурыз мерекесін ұйымдастырды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қарғалы ауданына қарасты Әлімбет ауылының тұрғындары Наурыз мерекесін дәстүрлі түрде 22 наурызда атап өтті. Мерекені  «Басбекова М.Е.»  мен «Шектыбаева М.М.» жеке кәсіпкерліктердің қолдауымен ҚКХП Ақтөбе облыстық комитеті ұйымдастырды.

Әлімбет ауылының орталығында өткен іс-шараны обкомның екінші хатшысы Б.Жұмағұлова ашты. Ол ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады.

Мерекеге қатысушылардың барлығы наурыз көже және бауырсақтан дәм татты. Ұтылыссыз лотерея ойнатылды, сонымен қатар коммунистер мәнерлеп өлең оқу, ән айту және би билеуден байқау ұйымдастырды. Коммунистермен бірге Наурыз мерекесін тек ауыл тұрғындары ғана емес, сондай-ақ Әлімбет ауылынан өтетін Ресей автобустарының жүргізушілері мен жолаушылары да атап өтті. 

Ауыл тұрғындары ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің ұйымдастырған мерекесіне дән риза болды.

AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20AktNauriz 20

Прочитано 23 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.