Четверг, 28 марта 2019 09:28

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Р.Е. Даленовқа

Депутаттық сауал

Құрметті Руслан Ерболатұлы!

Мемлекет халықтың әлеуметтік жағынан осал санатына қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатыр. Бірақ азаматтарымыздың табыс деңгейін  жаппай және жүйелі түрде көтеруге экономикалық белсенділіктің сапалы түрде артуы арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Өткен жылдың көрсеткішін 2019 жылғы наурыз айымен салыстыратын болсақ, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 10%-ға артқан. Бұл іскерлік белсенділіктің артуына емес, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ресмилендіру шарасына байланысты. Азаматтар жеке меншік кәсіпкерлік мәртебесін ресмилендіріп жатыр. Олардың саны шамамен 840 мың адамды құрайды.

«Халық коммунистері» фракциясының жүргізген талдауы бұл салада сапалық өзгерістерді аңғартқан жоқ.  Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында 35% саудаға тиесілі, бұл дамыған елдердің орташа көрсеткішінен (25%, дамушы елдерде – 30%) артып тұр. Ал өндіруші өнеркәсіп саласында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 10 есе аз, небәрі 3%. Басқа елдерде бұл көрсеткіш 20-25%-ға тең.

Негізгі масса отандық өнімдерді өндірумен емес, шетелдік өнімдерді алып-сатумен  айланысқан жағдайда әл-ауқаттың объективті түрде артуы мүмкін емес. Қосылған құнның өсімі жалған, сол бір тауардың бағасына қосылған үстемені білдіреді. 

Қазақстан алдында ШОК-тың экономикадағы  үлесін 50%-ға, яғни екі есеге арттыру мақсаты тұр. Бұған өндіріс секторы мен технологиялық қызметті жедел дамыту арқылы ғана қол жеткізуге болады. ШОК-тың қазіргі құрылымы жағдайында оның ІЖӨ-дағы үлесінің артуы экономиканың тұрақтылығын әлсіретіп, сауда жаққа ауытқуын күшейтіп жібереді.

Өндірістегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау арзандатылған несие ұсынумен ғана байланысты. Қазіргі таңда өндіруші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік нысандарын қаржыландырумен қамтамасыз ету бойынша Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-әрекет жоспары іске асырылуда.

150 миллиард теңгеге қаржыландырылған 668 жобаның 22% ғана инвестициялық мақсатпен байланысты. Қалғандары – айналымдағы қаражатты толықтыру және ағымдағы займдарды қайта қаржыландыру.  Кәсіпкерлікті қолдаудың басқа бағдарламалары негізінен ШОК-ты халық үшін жұмыспен қамту мен табыстың қайнар көзі ретінде сақтап қалуға бағытталған. Әзірге шағын және орта кәсіпкерлікті тауарларды алып-сатудан басқа жаңа деңгейге алып шығатын тиімді шаралар жоқ.

«Халық коммунистері» фракциясы ШОК-тың экономикадағы үлесін арттыруды стратегиялық мақсат етіп қана қоймай, аталмыш сектордың құрылымын өзгертуге басымдық беру қажет деп санайды. Статистикалық мәліметтерді қуаламай, заманауи шағын өндірістік өнеркәсіптерді құрумен айналысып, олардың жүйелі ынталандырудың тиімді шараларын қамтамасыз ету қажет.

 Осыған орай мынадай мәлімет ұсынуыңызды сұраймыз:

  1. 2014-2018 жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға қанша мемлекеттік қаражат жұмсалды, бұл сектордың экономика үшін қайтарымы қалай бағаланады?
  2. Өндіруші өнеркәсіптегі кәсіпкерлік нысандарын қаржыландырумен қамтамасыз ету бойынша Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-әрекет жоспарын іске асыру нәтижесінде қанша тұрақты жұмыс орындары ашылды, қанша жаңа өндіруші кәсіпорындар ашылды?

Сонымен қатар мынадай сұрақтар бойынша министрліктің жауабын сұраймыз:

  1. ШОК-тың экономикадағы үлесін 50%-ға дейін арттыру шаралары қандай факторлар негізінде жоспарланбақ? Бұл сектор қалайша өзгеруі тиіс, біз қандай құрылымдық мақсатқа ұмтылып отырмыз, қазақстандық кәсіпкерлікті қалай елестетесіз?
  2. Алдағы уақытта шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қаржыландырудың көзі қандай болмақ, негізгі құрал ретінде мемлекеттік қолдауды сақтап қалу жоспарда бар ма?

«Халық коммунистері»

фракциясының мүшелері:

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

М. Магеррамов

В. Косарев

И. Смирнова

Т. Сыздықов

27 наурыз 2019 ж. жарияланды

Прочитано 22 раз
Другие материалы в этой категории: « ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.