Среда, 27 марта 2019 10:44

Павлодарда саяси партиялардың өкілдері жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерді Наурыз мерекесімен құттықтады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Павлодар қаласындағы «Алтын уақыт» пансионатында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті. Зейнеткерлерді мерекемен құттықтауға саяси партия өкілдері, соның ішінде ҚКХП Павлодар облыстық комитетінің мүшелері келді.

Қонақтар қарияларға арнап наурыз көжесі мен бауырсағы, палауы мен самсасы, тәттілері бар дастархан жайды.

Іс-шараны ұйымдастыруға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ПОБ төрағасы Бекен Сағандықұлы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» ПОБ төрағасының орынбасары Қайролла Әбілбейісов,  Қазақстан Коммунистік Халық партиясы аймақтық Жастар қанатының жетекшісі Айнагүл Болат, Павлодар қаласының құрметті азаматы, «Самал» ОО» МҚБ-ның Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Джафар Махмудов, қалалық мәслихат депутаты, «Союз Чернобыль РК» ЗТА төрағасы Виктор Деймунд, қаланың  танымал кәсіпкері Зинаида Пархоменколар атсалысты.

PavlNauriz 5PavlNauriz 5PavlNauriz 5PavlNauriz 5PavlNauriz 5

Прочитано 194 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.