Суббота, 30 марта 2019 14:30

Айқын Қоңыров: Жұмысшылар кедейшілікте өмір сүріп жатыр Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Алматыда «КИПР» сараптамалық тобының ұйымдастыруымен өткен жиында «Қазақстандықтардың шынайы табысы: Тұрақты өсім факторы» деген тақырып талқыланды.

Жиынға Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы, Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров, ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әлібек Шапенов қатысты.

Ресми статистика бойынша Қазақстанда кедейшілік төмендеп, орташа айлық жалақы көбейіп жатыр. Ал сарапшылар тұрғындардың 80%-ның ақша жинау мүмкіндігі жоқ екенін алға тартуды. Шынайы ахуал әлеуметтік жағдайдың қиын екенін көрсетіп отыр.

Шынайы табыстың тұрақты өсіміне қандай факторлар әсер етеді? Қазақстандықтардың өмір сапасын қалай жақсартуға және олардың елден жырақтамауына қалай әсер етуге болады? Басқосу барысында осы және басқа да сұрақтар талқы таразысына салынды. Пікірталаста белгілі әлеуметтанушылар мен экономистер ортаға ой тастады. Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров негізгі спикер ретінде сөз сөйледі.

«Бір ересек адамның орташа әл-ауқатының көрсеткіші 4,5 мың долларға жуықтайды. Бұл «ауруханадағы орташа температура» және ол нақты картинаны көрсетпейді. Қазір ел байлығының көрсеткіші емес, оның үлестірілуі қызық. Онда орташа әл-ауқат қана емес, медиандық жағдай бағаланады. Бұл аса маңызды. Әл-ауқаттың медиандық индикаторы кедейлер мен байлардың жағдайын шынайылыққа жақын етіп көрсетеді. Егер, Қазақстанда бір ересек адамның орташа әл-ауқаты – 4441 доллар болса, медиандық көрсеткіш – 334 доллар. Барлық елдерде медиандық әл-ауқат орташа өмір сүру деңгейінен төмен. Алайда мұндай алшақтық бірде-бір елде жоқ. Бұл жерде мәселе үлестіруден туып отыр. Шикізатқа тәуелді емес экономика құруға ұмтылуымыздың тиісті деңгейде болмауы өмір сапасын жақсартуға кері әсерін тигізіп тұр», – деді депутат. 

Коммунистің пікірінше, табысты түбегейлі ұлғайту үшін экономиканың құрылымын өзгертіп, өнімділікті арттыру қажет.

«Мұның негізгі алғышарты жоғары жалақыға жұмыс істейтін білікті еңбек ресурсы. Біз барлық секторда бір мезетте жалақыны өсіре алмаймыз. Бұған ешқандай ресурс жетпейді», – деді А.Қоңыров

Оның айтуынша, Үкімет кедейшіліктің шегін анықтауға қатысты нақты шара қабылдауға тиіс.

«Қазір кедейшілік жұмыссыздыққа емес, табыстың төмендігіне байланысты болып отыр. Жұмыс істеп жүрген адамдардың өзі кедейшілікте өмір сүреді. Бұған дейін орта тапта болғандар кедейшілікке сырғып жатыр. Көпшілік өмір сапасын несиелендіру институттары арқылы сақтап қалуға тырысуда. Алайда тәжірибе бұл ұтатын емес, ұтылатын тәсіл екенін көрсетіп отыр», – деді коммунист.

Разия АБДЫКАДЫРОВА

KonurovKipr 2KonurovKipr 2

Прочитано 251 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.