Вторник, 19 марта 2019 13:56

ДӘМДІ АКЦИЯ! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Астаналық коммунистер қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаудың мерекелік эстафетасын алғашқылардың бірі болып бастады. 19 наурыз күні ҚКХП қалалық комитеті  мен «Шапағат» халықтық жобасының өкілдері темір жол вокзалы маңында халықты көктем мерекесімен құттықтады. Коммунистер жолаушылар мен қала қонақтарына дәмді бауырсақ таратты. Ал кішкентай жолаушыларға бауырсаққа  қоса түрлі-түсті шарлар берілді.

- «Жолға бауырсақ алыңыз!» дәстүрлі акцияға айналып келеді. Біз мұндай акцияны өткен жылы өткіздік. Бауырсақ алғандар да, оны таратқандар да риза болды. Сондықтан біз биыл да бұл акцияны жалғастыруды жөн көрдік, - дейді Назгүл Мағжан. 

Жарқын күлкі мен тамаша көңіл-күйді акцияның басты нәтижесі деп айтуға болады. Дәмді бауырсақ ресми түрде болмаса да, Наурыз мерекесінің халықпен мойындалған символына айналған.

- Акцияның уақыты мен өтетін орыны кездейсоқ емес алынған жоқ, - деп анықтады Назгүл. – Мереке күндері қарсаңында көптеген қазақстандықтар демалыс күндерін отбасында, жақындарының жанында өткізу үшін елордадан үйлеріне жол жүреді. Студенттер, жұмысшылар... Біз поезд бен қалааралық автобустардың кестесін қарап шығып, ең белсенді қозғалыс уақытын таңдадық...

Адам шынымен көп болды. Олар таң қалып, алғыстарын айтып, селфи жасап жатты. Ең бастысы бауырсақтың дәміне тәнті болды.

- Басында біраз адамдар сенбеді, бізді  бірдеңе сатып жүр деп ойлады. Біздің халық сыйлық алудан шығып қалған. Тегін таратып жатқанымызға таң қалды. Біз: «Иә! Біз коммунистерміз ғой!» деп айттық, - дейді қалалық комитеттің жетекшісі Нұрдәулет Оразханов. 

Жолаушлыр, коммуналды қызмет жұмысшылары, дала сыпырушылар, тасымалдаушылар мен таксистер... Бұлар демалыссыз жұмыс істеп үйренген қазақстандықтар, олар осы жұмыстың барына  қуанады.

- Бұл адамдардың көбінде демалыс күн деген жоқ, - деп түсіндірді Нұрдәулет. – Біз бұл акция арқылы оларға мереке сыйлағымыз келді.

Қалалық әкімдік те бұл идеяға қарсы болған жоқ, керісінше ерекше мерекелік іс-шараға қолдау білдірді. Сонымен қатар коммунистерге вокзал маңынан көлік қоятын орын беру арқылы «Astana LRT» да қолдау көрсетті.

Бауырсақтарды дайындауға «Шапағат» жобасының қамқорлығындағы адамдар да белсене атсалысты. Әрине елеулі көмекті Қазақстан Коммунистік жастар одағының еріктілері көрсетті. Халық арасына шығып бауырсақ тарату - ақжарқын да жігерлі жастардың еңбегі.

- Адамдар таң қалып, түсінбей жатты. Ал біздің қыз-жігіттер: «Жолға бауырсақ алыңыз!» деп, мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық тіледі... Жолаушылар ризашылықтарын білдіріп жатты, - дейді ҚКХП ОК хатшысының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі Жанель Абуева.

- Мейірімге толы, шынайы көктемгі, мерекелік акция өтті. Адамдар оны өте жақсы қабылдады, - деп санайды ҚКЖО жетекшісі Радмир Балсарин.

ҚКЖО жастары бас қалада ерекше және қалыптан тыс іс-шаралардың ұйымдастырушылары-қатысушылары-шабыттандырушылары ретінде танымал. (Өткен жылы БЛКЖО-ның 100 жылдығына орайластырылған «Красная волна» рок-фестивалінің өзі неге тұрарлық!) Радмирдің айтуынша,  бұл соңғы акция емес. 

- ҚКЖО-ның биылғы жылға жоспарлары өте көп. Жастар жылы ғой. Кейбір акциялар жөнінде әзірге тіс жармаймын. Тосын жаңалық  болсын. Бірақ өткен жылдан артық болмаса, кем болмайтынына сеніңіз!

Маргарита НИКИТИНА

Baurs6Baurs6Baurs6Baurs6Baurs6Baurs6

Прочитано 87 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.