Вторник, 02 апреля 2019 16:43

Қарағандылық коммунистер кәмелетке толмағандарды оңалту орталығының қамқорлығындағыларға көмек көрсетті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық патиясының Қарағанды облыстық комитеті «Шапағат» халықтық жобасы аясында Қарағанды облысы Білім беру басқармасының «Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ҚМУ жанындағы өмірдің қиын жағдайына тап болғандарды, ата-аналар мен балаларды әлеуметтік оңалту қызметіне гуманитарлық көмек көрсетті.

Қарағандылық коммунистер мекемеге киім мен ойыншықтар салынған 12 қап тапсырды. Қамқорлық қызмет үшін мұндай сыйлықтар – үлкен көмек.

- Біз бұл мемлекеттік мекеменің әкімшілігімен жақсы ынтымақтастық орнаттық. Бұл жолы бізді жаңа директор Гүлназ Есжанова қарсы алды. Біз ол кісімен де жақсы тіл табыстық, орнатылған байланысты әрі қарай дамытуға келістік. ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті балалар мен олардың ата-аналарына, өмірдің қиын жағдайына тап болғандарға «Шапағат» халықтық жобасы аясында тұрақты түрде көмек беріп тұрады, - деді ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин. 

ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің баспасөз қызметі

KaragCentreAdapt 2KaragCentreAdapt 2

Прочитано 140 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.