Четверг, 04 апреля 2019 12:44

Қарағанды облысынің әкімі есеп берді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері алдында 2018 жыл бойынша есеп берді.

2 сәуір күні ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин Қарағанды облысының жаңартылған Қоғамдық кеңесінің екінші отырысына қатысты. Күн тәртібінде аймақ басшысы Ерлан Қошановтың «Аймақтың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға қойылған міндеттер туралы» есебі қарастырылды.

- Елбасының «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасы негізінде 3,4 мың пәтер бойынша 32 жоба іске қосылды. Осы жылы 1052 пәтер тапсырылатын болады. Екінші бастама бойынша салықты 9%-ға төмендету арқылы аймақтың 80 мыңнан астам тұрғынының жалақысын көбейтуге мүмкіндік туды.  Үшінші бастама бойынша қазіргі таңда 850 студент жатақханамен қамтылған. Әлі 1500 студентті жатақханаға орналастыру қажет. 4 жаңа жатақхана салу жоспарда бар.  Төртінші бастама 1245 микронесие беру мүмкіндігін туғызды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен жұмыссыздар санатындағы 1989 адам оқытылды. 1300 жаңа  жұмыс орындары ашылды. Бесінші бастама аясында Қарағанды, Теміртау, Жазқазған, Сатпаев, Сарань және Шахтинск қалалары мен 114 елді мекендерге газ жүргізу жоспарланып отыр. Ол шамамен 1,1 миллион адамды, 68 мың үйді қамтитын болады, - деді Е.Қошанов.

Өз есебінде аймақ басшысы аймақ дамуының басты аспектілерін атап өтті: өнеркәсіп, кәсіпкерлік, инновация, инвестиция, құрылыс, агроөндірістік кешен жетістіктері, туризм, білім, денсаулық және т.б.

Баяндамадан кейін қатысушылар облыс әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс айтуға мүмкіндік алды.

Өз кезегінде Александр Зевахин өзге қалалардан, әсіресе ауылдан келген студенттерге жатақхана қолжетімділігі мәселесін көтерді. Барлық сұрақтар мен ұсыныстардан соң, Ерлан Қошанов әрбір мәселені назарға алып, алдағы уақытта олардың оңтайлы шешімін табуға уәде берді.

KaragOtchetAkima 6KaragOtchetAkima 6KaragOtchetAkima 6KaragOtchetAkima 6KaragOtchetAkima 6KaragOtchetAkima 6

Прочитано 18 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.