Пятница, 05 апреля 2019 11:41

Алматы облысының коммунистері оқушылар арасында "Мамандықпен танысу" акциясын өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы облыстық комитеті Ескелді ауданының Жастар ауылында орналасқан Көксу ауыл шаруашылығы колледжінде "Мамандықпен танысу" акциясын өткізді. Акциядан бұрын коммунистер колледж директоры М. Карасаевпен кездесті. Кездесуде колледж басшысы оқу орнының жетістіктері, болашағы мен даму жоспары туралы айтып берді. Кейін колледж ұжымымен кездесу өтті. Өз кезегінде бірінші хатшы С.Биғарова партияның қызметі және ҚКХП депутаттарының өзекті тақырыптардағы депутаттық сауалдарымен таныстырып, оқу орнының ұжымына алғыс білдіріп, колледж директорына "БЛКЖО-ға 100 жыл" медалін табыстады.

Акция барысында өндірістік оқу шеберлері мен колледждің кәсіптік бағдар бригадасы 6-8 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтар туралы айтып берді.

Алматы облысы аграрлық аймақ болып табылады, бұл жерде агроном, ауыл шаруашылығы техникасының механизаторы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейдін технолог және т.б. мамандықтар жаңғырып келеді. Соңғы жылдары қант қызылшасын өсіруге  байланысты болашақта «қант қызылшасын өңдеуші технолог» мамандығын енгізу жоспарда бар. «ТАТЭК» АҚ ірі кәсіпорнымен барлық электротехникалық мамандықтар бойынша дуалды оқыту дамыған және 58 жұмыс берушімен келісім жасалған.

Мектеп оқушылары жұмысшы мамандықтар туралы ақпаратқа үлкен қызығушылық танытты. Әсіресе 7 сыныптың Еркебұлан есімді оқушысы осы колледжге оқуға түсіп, автоэлектрик мамандығын меңгермекші екендігін жеткізді.

AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15AlmProfessiya 15

Прочитано 170 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.