Понедельник, 08 апреля 2019 10:47

Атырау политехникалық колледжінде оқушылар арасында «Мамандықпен танысу» акциясы өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Осы жылдың 4 сәуірінде ҚКХП Атырау облыстық комитеті мен ҚКХП Жастар қанаты «Мамандықпен танысу» акциясы аясында орта және жоғары сынып оқушылары үшін Атырау политехникалық колледжіне экскурсия өткізді.  

Ақпарат әртүрлі формада ұсынылды: техникалық мамандыққа қатысты психологиялық тренингтер, шеберлік сағаттар, викториналар және т.б. ұйымдастырылды. Бөлім меңгерушілері өздерінің жұмыстары туралы біраз қызықты мәлімет берді. Оқушылар техникалық қызмет, құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану, газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай сақтау қоймаларын пайдалану туралы мағлұмат алды. Оқушылар материалдық база және оқу-тәжірибелік шеберханалармен, колледж студенттері қатысатын инеженерлік жобалармен танысты.

- Біз сандық ғасырда жұмысшы мамандықтардың болашағына бей-жай қарамайтын адамдардың барына қуанамыз. Болашақ мамандық таңдау алдында тұрған оқушыларға экскурсиялар өткізу қажет. Балалардың  инжинирингке қызығушылығын ояту керек, - деді акция барысында ҚКХП Атырау ОК бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.

AtirProfess 7AtirProfess 7AtirProfess 7AtirProfess 7AtirProfess 7AtirProfess 7AtirProfess 7

Прочитано 204 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.