Среда, 10 апреля 2019 10:55

Ақмола облыстық комитеті жоғары сынып оқушылары үшін теміржолшы мамандығымен танысу акциясын өткізді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақмола облыстық комитеті «Мамандықпен танысу» акциясы аясында 10-шы сынып оқушыларын теміржолшы мамандығымен таныстырды.

Оқушылар сынып жетекшілері және халық коммунистерімен бірге темір жол вокзалында және Ақмола облысының темір жол тарихы музейінде болды. Музей жетекшісі, ата жолын жалғастырған теміржолшы Мәжит Ғалымжановтың  бұл саладағы отбасы мүшелерінің жалпы еңбек өтілі шамамен 400 жылды құрайды. Мәжит Шахметұлы оқушыларға темір жол қызметкерлерінің дәстүрі, фашизмді жеңуде және жалпы Қазақстанның даму тарихындағы қазақстандық темір жолдың рөлі туралы баяндап берді. Экскурсия барысында оқушылар сирек кездесетін заттар мен наградаларды тамашалап, «семафор» мен «коммутатордың» не екенін білді.

Кездесу соңында М.Ғалымжанов теміржолшыларды даярлайтын оқу орындары туралы айтып, қонақтардың сұрақтарына жауап берді.

AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12AqmProfess 12

Прочитано 59 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.