Понедельник, 15 апреля 2019 14:44

Қарағанды облыстық комитетінің жетекшісі А.Зевахин облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

10 сәуір күні Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Күн тәртібінде үш сұрақ қарастырылды: 2018 жылғы облыстық бюджетті пайдалану туралы жылдық есепті талқылау, Қоғамдық кеңес комиссиясы мүшелерінің 2019 жылға жұмыс жоспарлары  туралы ақпарат, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарындағы санитарлық жағдай туралы. 

Баяндамашылар тыңдалған соң, Қоғамдық кеңес мүшелері  шақырылған шенеуніктер мен ведомство жетекшілеріне сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Александр Михайлович облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсеновке сауал қойды:

- Белгілі болғандай жыл қорытындысы бойынша 23,7 миллион теңге игерілмеген. "Қарағанды" АГРС-тан Дубовка, Ақтас ауылдары мен Сарань қаласына газ құбырларының құрылысы жобасы жасалмаған. Бүгінгі таңда жағдай қандай? Шенеунік жоба шахталардағы жұмыс пен соттық істерге байланысты жасалмағанын айтты.

- Он күннен кейін ол бекітіледі, - деді Ұ.Үсенов.

Келесі сұрақты А.Зевахин Теміртау қаласының басшылығына жолдады:

- Азаматтардың өтініштері негізінде еңбек даңқы саябағын қалыпты жағдайға келтіру жұмыстарын жіті бақылауға алуды сұраймыз. Сәуір айының басында вандалдар Ленин ескерткішінің қоладан жасалған бөлшектерін ұрлап кеткен. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар саябақтың жағдайына шағым жасап отыр.

Бұл мәлімдемеге Қарағанды облысы Полиция департаментінің жетекшісі бірден жауап беріп, Теміртау ПД жетекшісіне бұл мәселені жеке бақылауға алуды тапсырды.

KRGObshSovetApril 3KRGObshSovetApril 3KRGObshSovetApril 3

Прочитано 136 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.