Пятница, 12 апреля 2019 12:58

Халықаралық фашистік концлагер тұтқындарын босату күніне арналған жиынға қатысты Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

11 сәуірде Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин «Фашистік лагерь тұтқындары» ҚБ мен «Память» ҚБ және  ҚКХП Қарағанды облыстық Ардагерлер кеңесі бірлесіп өткізген жиынға қатысты.

– Бүгін бұл жерге барлығымыз жиналып отырған жоқпыз. Көбіміздің денсаулығымыз басқосуға мүмкіндік бермеді. Қарағанды облысында фашистік концлагерде тұтқында болған 105 адам өмір сүріп жатыр, – деп мәлімдеді қоғамдық бірлестіктер төрағасы Лидия Близнюченко.

Ол қоғам белсенділері атқарып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, «Обожженная юность» кітабындағы фашизмнің құрбаны болған қарағандылықтардың естелігінен үзінді оқыды.

Лидия Михайловна ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті әкімдікке хат жазып, Қарағандыда 1941-1945 жылдары фашистік концлагерде  тұтқында болған адамдарға арнап ескерткіш орнатуды сұрағанын атап өтті.

– Фашизмнің құрбаны болған адамдарға ескерткіш орнату аса қажетті және маңызды іс, – деп пікір білдірді халық коммунисі.– Сұм соғыс туралы естелік пен жерлестеріміздің жауға көрсеткен қарсылығы буыннан буынға жетуі тиіс. Біздің партия сіздерді қолдау көрсетуін жалғастыра береді. 

А.Зевахин Қарағанды облыстық комитетінде қоғамдық қабылдау жұмыс істейтінін, онда кәсіби заңгер тегін құқықтық кеңес беретінін, кез келген адам қоғамдық қабылдауға келіп, заңгерден кеңес ала алатынын айтты. ҚКХП Қарағанды облыстық комитетінің баспасөз қызметі

KRGDenOsvob 7KRGDenOsvob 7KRGDenOsvob 7KRGDenOsvob 7KRGDenOsvob 7KRGDenOsvob 7KRGDenOsvob 7

Прочитано 150 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.