Пятница, 12 апреля 2019 10:00

Шатырда өмір сұру. Жіңішке баспалдақпен мініп-түсудің машақаты... Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Жуырда бастарына түскен барлық қиындықтарға қарамастан, қонақжай, мейірімді, керемет балалармен таныстық. Олар бізді жақсы қарсы алып, барымен бөлісуге дайын болды. Әскербековтар отбасы көмекке зәру.

Олар Қызылордадан 2 жыл бұрын көшіп келген. Отағасы Айдар қазіргі кезде жұмыссыз. Ақнұр мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Жалақысы 65 000 теңгені құрайды. Отбасы 6 баланы тәрбиелеп отыр, үлкені 10 жаста, кенжесі Раяна екі жасқа толады.    Жығылғанға жұдырық демекші, кішкентай қыздары күйіп реанимацияға түскен. Денесін күйік шалған, көмек қажет. Бұған қоса балаларды қанадала шағып тастаған.

 Соңғы кездері отбасының жағдайы нашарлап кеткен. Ақша азық-түлікке жетпейді, баспана қарызы да өсіп жатыр. Қазіргі кезде 100 000 теңге қарызы бар. Отбасы шатырда орналасқан бөлмеде тұрады.  Бөлмеге 60 000 теңге төлейді. Бөлмеде тұру мүмкін емес, тарақандар мен қанадала қаптап жүр. Бөлмені олардан тазартуға Ақнұрдың ақшасы жоқ.

 Каспи және Нome банктерде несиелері бар, қарыздың жалпы соммасы 550 000 теңгені құрайды. Отбасы жәрдемақы алмайды, себебі тұрақты және уақытша тіркелімі жоқ. 

Отбасының қалыпты өмір сүруге деген соңғы үмітін жолғатпас үшін көмек көрсетейік. Бұл  уақытша қиындықтар екеніне сенемін, осы кезде оларға қол ұшын беріп, демеп жіберу қажет. Сіздер әрқашанда менімен 8 771 020 92 87 телефон номері арқылы байланысқа шыға аласыздар.  Сонымен қатар біздің үйлестірушіміз Нұрдәулет Оразхановтың  8 702 796 45 70 телефон номеріне хабарласуға болады.

Отбасыға материалдық көмекті біздің еріктіміздің Каспи банктегі 5169493119661760, MOLDIR BAZARBAY, ЖСН 940807450878 карточкасына Ақнұр Әскербековаға деп белгілеп жолдауға болады.

ShapApril191 6ShapApril191 6ShapApril191 6ShapApril191 6ShapApril191 6ShapApril191 6

Прочитано 4 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.