Четверг, 11 апреля 2019 17:08

Алматылық коммунистер мамандық таңдау мәселесін талқылады Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы облыстық комитеті мен Қазақстан Коммунисік Жастар одағының ұйымдастыруымен Ардагерлер үйінің мәжіліс залында 10 сәуір күні «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Алматы облыстық білім басқармасының, Талдықорған қаласы білім бөлімінің, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және жастар шақырылды. Өкінішке қарай, білім басқармасының өкілдері жиынға қатыспады.

ҚКХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сәуле Биғарова қатысушыларға дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндетін түсіндірді. Осыдан соң білім беру саласының ардагері, профессор, қонаевтанушы Хания Есдәулетова сөз сөйлеп, жастардың жаппай шетелге кетуге асығуы ұлттық экономикаға зиян келтіретініне назар аудартты.

«Мұндай үдерістің белең алуына патриоттық тәрбиенің тиісті дәрежеде берілмеуі себеп болып отыр», – деді ол.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы облыстық бөлімшесінің төрағасы Мейраш Шынасылов бүгінгі жастарға білім алу үшін мол мүмкіндік берілгенін, олар мүмкіндікті пайдаланып жатқанын жеткізді.

Оның сөзінше, шетелде оқыған балаларды елге қайтару үшін, оларға лайықты жағдай жасау қажет. Дұрыс жалақы беріп, мансаптық жолмен өсуіне кепіл болу керек.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы аймақтық бөлімшесі  төрағасының орынбасары Қаламқас Исаева еліміздің жоғары оқу орындарын тәмамдаған жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу қажеттігін айтты.

Ол аграрлық мамандықты меңгерген түлектер еш қиындықсыз жұмысқа орналауы тиіс деген пікір білдірді.

Дөңгелек үстел соңында қорытынды құжат қабылданды.

AlmatyObkomProfess 8AlmatyObkomProfess 8AlmatyObkomProfess 8AlmatyObkomProfess 8AlmatyObkomProfess 8AlmatyObkomProfess 8AlmatyObkomProfess 8AlmatyObkomProfess 8

Прочитано 9 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.