Вторник, 16 апреля 2019 09:49

ШҚО коммунистері мамандық иелерімен кездесу ұйымдастырды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Алтай қаласында 13 сәуір күні Шығыс Қазақстанның халық коммунистері «Мамандықпен танысу» акциясын өткізді. Іс-шараға қала мектептеріндегі жоғары сынып оқушылары мен мұғалім, экономист-бухгалтер, іс жүргізуші, орман шаруашылығы қызметкерлері сияқты түрлі мамандық иелері қатысты.

Жиынның ашылуында Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдаулетов жастарға партияның құрылымы мен қызметі туралы баяндады. Бұдан кейін ол өзін мысалға келтіре отырып, еңбек пен қоғамдық жұмысқа араласудың қыр-сырымен бөлісті. Өндірістегі бөлім шеберінен бірінші хатшы қызметіне кіріскенге дейінгі тәжірибесін тілге тиек етті.

«Мамандық таңдау  –  әр адамның үлкен өмірдегі іргетасы. Мамандығын дұрыс таңдаған адам еңбекке қиналмай араласады, әлеуметтік мәселелерді шешуге қауқарлы болады», – деді облыстық комитеттің жетекшісі.

Басқосу барысында жоғары сынып оқушыларының алдында мектеп оқытушысы Баир Алматұлы, іс қағаздарын жүргізуші Айжан Жакенова, экономист Сара Раисова сөз сөйледі. Олар тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға ақыл-кеңес берді.

Жиын соңы сенбілікке ұласты.

VKOProfessApril3VKOProfessApril3VKOProfessApril3

Прочитано 96 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.