Среда, 17 апреля 2019 10:26

Қызылордалық коммунистер болашақ түлектерді мамандық иелерімен кездестірді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

16 сәуір күні Қызылорда облыстық комитетінің активі аймақтық ҚКЖО өкілдерімен бірлесіп, С.Сейфуллин атындағы №4 мектепте «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Мектеп түлектерімен кездесуге облыстық ТЖД кадр бөлімінің бастығы, подполковник  Ғ. Қобландиев, «Тіл сақшысы» газетінің жауапты хатшысы Ж.Аманов, терапевт-дәрігер Н.Әбішев және Қорқыт ата атындағы  ҚМУ қаржы кафедрасының аға оқытушысы Р.Бисенова бастаған оқытушылар қауымы келді.

100-ден астам адам қатысқан жиын пікіралмасу түрінде өтті. Түлектер өздерін толғандырған сұрақтарға кәсіби мамандардан тұщымды жауап алды. Дөңгелек үстел қорытындысында ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшысы Т.Телеубаев қатысушыларға алғыс айтып, қандай мамандық иесі ретінде танылса да, жастар Қазақстанның болашағы болатынына сені білдірді.

KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14KZLKrugStolApril 14

Прочитано 103 раз
Другие материалы в этой категории: « Мамандықпен таныстыру Дәстүрлі сенбілік »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.