Среда, 17 апреля 2019 15:05

Депутаттық сауал Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

Е.А. Біртановқа

Депутатттық сауал

Құрметті Елжан Амантайұлы!

Жуырда бағалардың мемлекеттік реттелуіне байланысты дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді пайдалану сұрақтарына қатысты  заңнамалық актілердегі өзгертулер мен толықтырулар өз күшіне енді. Бұл нормалардың басты мақсаты дәрі-дәрмектердің бақылаусыз қымбаттауын тоқтату болып табылады.

Коммунистер бұл мәселенің өзектілігін дәлелдеп отыр. Өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, 2019 жылдың бірінші тоқсанында дәрі-дәрмектер бағасы 8,4%-ға қымбаттаған. Бұл тұтынушы бағасының жалпы  деңгейінен 1,7 есе артық. Баға өсу қарқыны бойынша дәрі-дәрмектер азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың алдына шығып отыр.

Біз қазіргі кезде дәрі-дәрмек нарығының қатысушылары мемлекеттік реттеуді күту барысында бағаны барынша көтеріп отырғандығын байқап отырмыз. Бағаны бір қалыпта ұстайтын барлық механизмдер енгізілгенше, жеткізушілер елде бағаның жаңа деңгейін қалыптастырады.

Бұл жағдай шұғыл түрде дәрі-дәрмектердің қарқынды қымбаттауының объективті және субъективті себептерін анықтауды қажет етеді.

Бұған қоса бөлшектік нарықта  пайда түсімі аз арзан дәрі-дәрмектерді ығыстырып, қымбат дәрі-дәрмек саудасын ынталандыратын бағаны реттеу механизмін таңдау қаупі да бар.

Дәрі-дәрмек құны халық үшін тек қана әл-ауқаттың ғана емес, сонымен қатар денсаулықтың маңызды көрсеткіші болып табылады. Бағаның  қымбаттауы халықты дәрі-дәрмектерге үнемдеуге мәжбүрлейді, халық арзан дәрі-дәрмектерге жүгінеді немесе сатып алудан мүлдем бас тартады.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылы орташа есеппен бір үй шаруашылығы дәрі-дәрмектерге 26300 теңге жұмсаған. Жалпы мемлекет бойынша бұл 120 миллиард теңгені құрайды. Үй шаруашылықтарын ішінара жолмен талдау арқылы алынған бұл сандар шынайы жағдайды бейнелемейді деп санаймыз. Дәрі-дәрмектерге жұмсалатын шынайы шығын бұдан да көп. Бағаның өткен жылдың алғашқы тоқсанында ресми түрде 8,4%-ға өсу ауқымы  халықтың дәл сол дәрі-дәрмектерге төленген қосымша 10 миллиард теңгені білдіреді.

Дәрі-дәрмектермен қатар амбулаторлық қызметтің қымбаттауы да байқалып отыр.

Сонымен қатар халықтың денсаулық сақтауға жұмсап отырған шығыны медицина саласы қызметкерлері жалақыларының өсуіне әкеліп отырған жоқ. Бұл жағдайда нарық қатысушылары ғана пайдаға кеңеліп отыр.

«Халық коммунистері» фракциясы денсаулық сақтау бұл – сұраныс пен ұсыныстың саудагерлік ойыны негізінде баға құралатын сала емес деп есептейді. 

Осыған орай мынадай ақпарат беруіңізді сұраймыз:

  1. Дәрі-дәрмек бағасына мемлекеттік реттеуді енгізу үшін қандай жұмыстар атқарылды және бұл механизм толыққанды қашан жұмыс жасайды.
  2. 2019 жылдың алғашқы тоқсанындағы дәрі-дәрмектер мен амбулаторлық қызмет бағасының қарқынды өсуінің себептері.
  3. Теңге бағамының бәсеңдеуі жағдайында импортталатын дәрі-дәрмектердің қымбаттауына жол бермеу бойынша ұсыныстар.

Бұған қоса халықтың, соның ішінде азаматтардың әртүрлі табыстарына байланысты топ бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметке жұмсайтын шығынының шынайы есебін жүргізу қажет деп санаймыз.

Құрметпен,

Мәжілістегі ҚКХП «Халық коммунистері»

Фракциясының мүшелері

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Баймаханова

В. Косарев

М. Магеррамов

И. Смирнова

Т. Сыздықов

Мәжілістегі «Нұр Отан»

Фракциясының мүшелері

А. Смағұлов

В. Олейник

З. Аманжолова

17.04. 2019 жылы жарияланды

Прочитано 216 раз
Другие материалы в этой категории: « Депутаттық сауал Депутаттық сауал »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.