Среда, 17 апреля 2019 11:34

ШҚО-да білім беру және жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері талқыланды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылы 16 сәуірде Шығыс Қазақстанның халық коммунистері ШҚО сараптау және болжау институтының мәжіліс залында «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға облыстық ішкі саясат және білім басқармаларының өкілдері, Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері сондай-ақ аймақтық колледждердің ұстаздары қатысты.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдәулетов жиынның ашылуында: «Шығыс Қазақстан облысында тұратын 14-29 жас аралығындағы азаматтардың саны 265 мың адам құрайды. Бұл облыс халқының 19%-ы. Осылардың арасында шамамен 7 мың жас адам оқымайды және жұмыс істемейді. Бұл жұмысқа қабілетті жастың 5%-ы. Менімше, біздің аймақ үшін жаман көрсеткіш емес. Дегенмен аймақта жастарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті болып тұр», – деді.

Оның сөзінше, жыл сайын ШҚО мектеп түлектерінің 40%-ы облыстағы 60 колледждің бірін таңдайды. Облыста кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасына серпін беретін «Бiлiктi маман», «Жас проект», «Еңбек жастары», «Жасыл Ел», «Жас Өркен», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жастар кадрлық резерві», «Серпiн – 2050» деген жобалар бар.

Осылай бола тұра мемлекеттік бағдарламаларға жас мамандардың көңілі толмайды. Олар жалақыны азсынады, тұрғын үйдің берілмейтінін алға тартады.

«Жастар үкімет тарапынана кешенді қолдау көргенде ғана кәсібініңі нәсібін көреді. Бұлай болмаса оқыған оқуы бойынша қызмет етпейді», – деді Шыңғыс Байдәулетов.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілі

Галина Такешева жиналғандарға жастарға жұмыс ұсынуға сұранып отырған мекемелердің тізімін жариялады. Өскемен қалалық құрылыс колледжі директорының орынбасары Юлия Зубкова қазір қай жерде білім аламын деген мәселе жоқ екенін алға тарта келіп: «Аймақта ондаған колледждер мен оқу орталықтары жетерлік. Олар кез келген мамандықты меңгерте алады. Қазір оқу бітірген жастарға әлеуметтік жағдай жасау мәселесі өзекті болып тұр. Осы мәселе шешілсе, жұмыссыздардың саны азайып, өз мамандығынан қашып, басқа сала арқылы табыс тауып жүргендердің саны күрт қысқарар еді»,– деді.

ШҚО білім басқармасының қызметкері Рүстем Серғазинов жастарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға бағытталған бағдарламалар жайлы сөз қозғап,

халық коммунистерінің пікірімен келісетінін жеткізді.

«Жастар үкіметтен кешенді қолдау көргенде ғана елдік мүдде мен мақсат үшін тер төгеді», – деді ол.

VkoProfessAprel 5VkoProfessAprel 5VkoProfessAprel 5VkoProfessAprel 5VkoProfessAprel 5

Прочитано 9 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.