Пятница, 19 апреля 2019 10:23

Барлық жұмыс жақсы – қалағаныңды таңда! Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Конфуцийдің: «Жаныңа жақын жұмысты таңда, сонда өміріңнің бір күнінде де  жұмыс істемейсің» деген сөзі бар. Қазіргі таңда данагөйдің сөзі ақиқатпен астаса ма? Қазақстандық мектептердің кәсіптік бағдары жұмыссыздықты азайтып, еңбек нарығын қажетті кадрлармен қамтамасыз ете ала ма? ҚКХП Қарағанды облыстық комитеті 17 сәуір күні «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алуға болады?» деген тақырыппен өткізген  дөңгелек үстелде жоғарыдағы сауалға жауап іздеді.

Қайда барып оқу керек?

Іс-шараға партия белсенділерімен бірге қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, балалар үйінің, жоғары оқу орындарының өкілдері және журналистермен қала тұрғындары қатысты.

– Сәуір айының аяқталуына санаулы күн қалды. Алда түлектердің мектеппен қоштасуы. Дәл қазір түлектердің мамандық таңдауына қатысты әңгіме өрбітетін сәт, – деді облыстық комитеттің бірінші хатшысы Александр Зевахин.

Жоғары сынып оқушыларының басым бөлігі мамандық пен оқу орнын ойша таңдап қойды. Дегенмен олардың арасында әлі нақты шешім қабылдамағандары бар. Түлектерді кім боламын деген сұрақ қатты мазалайды. Бұл сұраққа жауап алу үшін олар ата-аналарымен, туыстарымен, достарымен, таныстарымен ақылдасады.

Атап көрсетерлігі, бұл тәсіл түлекті тығырыққа тірейді. Өйткені адамдардың субъективті пікірі көбінесе қандай да бір мамандықтың беделіне қарай қалыптасады. Сәйкесінше олар түлекке сол мамандықты таңдауға кеңес береді. Бұл жерде кеңес берушілер түлектің қабілет-қарымын, мүмкіндігін ескермейді.

Басты проблема – жұмыспен қамту

– Қазіргі қоғамда бұл аса өзекті мәселе. Халқымыздың 25%-ын жастар құрайды. Олар әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алғанда халықтың белсенді тобына жатады. Жастар инновациялық, шығармашылық әлеуетке ие, – деді Александр Зевахин.

Елімізде жастарды жұмыспен қамту мәселесі кешенді түрде шешіліп жатыр. 2018 жылдың қорытындысында 23 727 жастың белсенді жұмыспен қамтылғаны белгілі болды. Оның ішінде:

- Бос жұмыс орнына – 16235 адам;

- Қысқамерзімді оқуға – 1236 адам;

- Кәсіптік-техникалық білім алуға – 700 адам;

- Кәсіпкерлік негіздерін меңгеруге – 682 адам;

- Әлеуметтік қызмет көрсету орындарына – 356 адам;

- Жастар тәжірибесіне – 1232 адам;

- Қоғамдық жұмысқа – 3080 адам;

- Микронесие алуға – 203 адам бағытталды.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2017 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 0,5 пайызға қысқарды. Қарағанды облысының жастары еңбекпен қамту орталықтары және «Электронды еңбек биржасы» арқылы жұмыс іздей алады.

Бұл оларға «Жастар тәжірибесі», микронесиелендіру бағдарламаларына және мемлекеттік грант тағайындайтын жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.

Десекте жоғары, орта білімі бар адамдардың жұмыссыздығы азаймай тұр. Бұған гуманитарлық және техникалық мамандықтар арасындағы теңсіздік, яғни кадр тапшылығы түрткі болуда.

– Статистика орта білімі бар жастардың жұмыссыздығы жоғары білімі бар жастармен салыстырғанда аз екенін көрсетіп отыр. Себебі жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектер жұмыс берушіге жоғары талап қояды. Университет бітірген түлектер үлкен айлық пен мансаптық өсуді қалайды, – деді облыстық комитеттің бірінші хатшысы.

Кәсіптік бағдары көп нәрсе шешеді

Орталық Қазақстан Академиясының әлеуметтік мәселелер  және тәрбие ісі бойынша проректоры Қайрат Біржанов мәселенің өзектілігіне назар аударып: «Түлекті айлығы жоғары жұмыс орнына орналастыру өте қиын. Барлық жерде жұмыс тәжірибесін талап етеді. Салдарынан түлектер көбінесе басқа салада, басқа мамандық бойынша еңбек етеді», – деді.

Қарағанды қалалық Білім басқармасы орта және жалпы білім беру бөлімінің жетекшісі Наталья Головина түлектердің басым бөлігі елімізлдегі жоғары оқу орындарын таңдайтынын тілге тиек етті.

– Статистика шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін түлектердің қатары соңғы 5 жылда 200-250 адамды құрағанын, ал өзімізде оқығысы келетіндердің саны 2,5 есе өскенін көрсетті. Оқуға түсу қиын емес, оқуды аяқтау, бәсекеге қабілетті маман болу, жалақысы жақсы жұмысқа орналасу қиын. Осы тұрғыдан алғанда кәсіптік бағдардың маңызы зор,– деді Наталья Головина.

Айта кетейік, Қарағандыдағы мектептердің базаларында  5 ресурстық орталық бар. Мұнда оқушыларға кәсіптік бағдар беріледі. Екі жылда бірнеше курстан өтуге болады. Бұл жерде «Ата-ананың жұмыс орнында бір күндік қызмет» және «Атамекен» ҰКП-ның колледждерде жүзе асыратын түрлі жобалары бар.

Дөңгелек үстелге қатысушылар түлектер мен жұмыс берушілердің қарым-қатынасын нығайту қажеттігіне назар аударды. Басқосудағы барлық ұсыныстар қағазға түсіріліп, Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясына жолданды.

KRG professApril2 7KRG professApril2 7KRG professApril2 7KRG professApril2 7KRG professApril2 7KRG professApril2 7KRG professApril2 7

Прочитано 75 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.