Среда, 24 апреля 2019 12:20

Депутат М.Магеррамов пен астаналық коммунистер "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Мәжіліс депутаты, "Халық коммунистері" фракциясының мүшесі Магеррам Магеррамов ҚКХП Астана қалалық комитетінің мүшелері Нұрдәулет Оразханов және Ислам Сұңқармен бірге "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды.

Орталық директоры Серік Бөлежановтың айтуынша, орталықтың мақсаты ерекше қажеттіліктерді талап ететін 3 пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастардың мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау болып табылады. Сонымен қатар оларды стационар мен жартылай стационар жағдайында оңалту, әлеуметтендіру және жұмыспен қамту.

Бұл үшін орталықта арнайы жабдықталған сенсорлы бөлме, Монтессори бөлмесі, лекотека, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар бөлмесі, жаттығу залы, интернетке қосылған компьютерлік сыныптар бар, сондай-ақ сал ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға арналған арнайы бөлім жұмыс істейді. Бұл бөлімде бассейн, ЕДТ залы, жаттығу залы, гало-терапия бар.

Орталық жетекшісі орталық барлық қажетті материалдық-техникалық базамен қамтылғандығын атап өтті. Дегенмен мәселелер де жоқ емес. Олардың шешілуі мекеме жұмысының   тиімділігін арта түспек. Әсіресе орталық қызметкерлерінің төмен жалақысы кадрлардың тұрақтануына кедергі жасап отыр. Жас мамандардың жалақысы еңбек өтілдеріне қарай 56-68 мың теңгені құрайды, ал техқызметкерлердің жалақысы 44 мың теңге. Мекеме режимдік санатқа жатады, орталық қамқорлығындағылар қоғамнан оқшауланған, бұл әлеметтендіру үдерісіне кедергі келтіріп отыр.

Кездесу соңында коммунистер орталық директоры С.Бөлежановты ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Халық коммунистері" фракциясының "Жастарды жұмыспен қамту" тақырыбындағы дөңгелек үстеліне қатысуға шақырды.

AstanaNurlyzher 6AstanaNurlyzher 6AstanaNurlyzher 6AstanaNurlyzher 6AstanaNurlyzher 6AstanaNurlyzher 6

Прочитано 195 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.