Сейсенбі, 23 Сәуір 2019 15:25

22 сәуір коммунистер үшін ерекше күн Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

В.И. Лениннің туған күні қарсаңында, 21 сәуір күні ШҚО Алтай өңірінің халық коммунистері ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Шыңғыс Байдаулетовтың бас болуымен ұлы көсемнің құрметіне арнап акция өткізді.

Партия белсенділері В.Лениннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Алтай аудандық комитетінің кеңсесінде жиын өткізді. Мұнда бірінші хатшы В.И. Лениннің толағай табыстары мен жетістіктерін тілге тиек етті.

Жиналған көпшілік облыстық комитет жетекшісінің сөзін қостап, пікір білдірді.

Шара шеңберінде Шыңғыс Байдаулетов партия белсенділеріне партия белгісі бейнеленген кәдесыйлар мен «Коммунист Казахстана» журналын табыс етті.

22 сәуір күні Лениннің ескерткішіне Өскемен, Семей қаласының коммунистері де гүл шоқтарын қойды.

VKOAltaiLeninAprel195VKOAltaiLeninAprel195VKOAltaiLeninAprel195VKOAltaiLeninAprel195VKOAltaiLeninAprel195VKOAltaiLeninAprel195

Прочитано 177 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.