Сейсенбі, 23 Сәуір 2019 09:07

Жыл сайынғы дәстүрлі Ленин сенбілігі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы   Атырау облыстық бөлімшесі 2019 жылдың 22 сәуірінде әлемдік пролетариат көшбасшысы В.И.Лениннің   149 жылдығына   орай Атырау қ. Жилгородок м.а. «Кеңес дәуірі ескерткіштерінің» аллеясында орналасқан В.И.Ленин мүсіні жанында митинг өткізді, онда партия мүшелері шеру мен гүл шоқтарын қойып, ардагерлер жас ұрпаққа арнап сөз сөйлейді. .....

-Біз коммунистер дәстүр бойынша әлемдік пролетариат көсемі В.И. Лениннің ескерткіші алдында жиналып тұрмыз. Себебі 22 сәуір күні әлемнің барлық коммунистері бүкіл адамзатқа еркін әрі тең құқылы, әділ қоғам бұл - утопия емес екендігін дәлелдеген ұлы тұлғаның туған күнін атап өтеді, - деді партия ардагері Жәукен Хайырлыұлы Көшенов.

Ескерткіш жанына жиналған партия мен ҚКХП Атырау облыстық комитеті Жастар қанатының мүшелері айналаны қоқыстан тазартып, бірнеше түп ағаш отырғызды. Оларға аға буын коммунистер де көмекке келді. Жұмыс барысында обкомның бірінші хатшысы Дәулетқазиев Ерболат Ғұсманұлы заңгерлік ликбез өткізді, ал бағбанның құралдарымен қалай жұмыс істеу керектігі туралы партия ардагерлері айтып берді.

Кейін Е.Ғ. Дәулетқазиев партия қатарына қосылған партияның жаңа мүшелеріне салтанатты түрде партбилеттерін табыстап, құттықтап, партияның ел дамуындағы үлесі айрықша деп атап өтті.

- Бірліктің ұйытқысы болған бірегей партияның билеті біздерге артылған аманат. Ал, аманат жүгі ауыр екені бесенеден белгілі. Ендеше бүгін әріптестерімді бармағы басқа болса да білегі бір, арманы асқақ, тілегі бір әріптестеріме сәттілік тілей отырып, ел мұраты мен ұлт мақсаты жолында жұмылған жұдырықтай жұмыс істеп, абырой биігінен көріне берейік дегім келеді, - деді партия қатарына өткен Ауған соғысының ардагері Майра Жазықпаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұл сенбілік Кеңес өкіметі еңбекшілерінің өз еркімен ақысыз еңбек етуге бастаған коммунистік шара. Алғашқы сенбілік 1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша өткізілді. Алғашқы жаппай коммунистік сенбілік Мәскеу-Қазан темір жолында 1919 жылы 10 мамырда өтті. Азамат соғысы жылдарында және қайтадан қалпына келтіру кезеңінде де жалғасын тапты. Социалистік жарыс түрінің біріне айналды. Мәскеуліктердің бұл көрсеткен бастамасын бүкіл ел еңбекшілері қолдады.

ҚКХП Атырау облыстық коммитетінің баспасөз қызметі

AtyrayLeninSubb 5AtyrayLeninSubb 5AtyrayLeninSubb 5AtyrayLeninSubb 5AtyrayLeninSubb 5

Прочитано 188 раз
Другие материалы в этой категории: « Баспасөз хабарламасы Мәңгілік полк Атырауда »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.