Пятница, 26 апреля 2019 11:23

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) ҚР Президент сайлауына Жамбыл Ахметбековты кандидат ретінде ұсынды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

2019 жылдың 26 сәуірінде «Park inn» қонақ үйінде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Кезектен тыс XIV съезі өтті. Съезд барысында ҚКХП атынан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына ҚКХП ОК хатшысы, «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Жамбыл Ахметбеков сайланды. Сонымен қатар іс-шара барысында кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы қабылданды.

ҚКХП атынан сайланған ҚР Президенттігіне кандидат партия жақсы сайлауалды тұғырнама әзірлегенін айта келіп, Қазақстанның барлық солшыл күштерін, әсіресе әлеуметтік-осал санаттағы азаматтарды сайлауда қолдау көрсетуге шақырды.

«Біз қарапайым халықтың мүддесін қорғаймыз! Біз жұмысшы тапты қолдаймыз! Қазақстандықтар лайықты өмір сүруге тиіс!», – деп мәлімдеді Жамбыл Ахметбеков.

ҚКХП баспасөз қызметі

АХМЕТБЕКОВ Жамбыл Аужанұлы, «Халық коммунистері» фракциясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаты – ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

1961 жылы Целиноград облысына қарасты Қорғалжын ауданының Жантеке ауылында дүниеге келген.

1983 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ауыл шаруашылығын механизациялау» мамандығы бойынша, 1994 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және жоспарлау институтын «басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы «Кургальджинский» совхозында механик болып бастаған.

1983-1987 жж. - Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитеті Қорғалжын совхозы космсомол комитетінің хатшысы.

1987-1990 жж. – Қазақстан Компартиясы Қорғалжын аудандық комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы.

1990-1992 жж. – Қазақстан ЛКЖО Қорғалжын аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1992-1994 жж. – Қарағанды облысы Теңіз аудандық әкімдігінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1994-1997 жж. – Қорғалжын аудандық әкімдігі жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі.

1997-1998 жж. – жанар-жағар май құю стансасының механигі.

1998-2001 жж. – взвод командирі, Ақмола облыстық «Сұңқар» әскери-техникалық лицейінің әскери-техникалық дайындық жөніндегі директор орынбасары.

2001-2002 жж. – Дружба орта мектебінің әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі директор орынбасары.

2002-2003 жж. – аудандық білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және спорт жөніндегі әдіскері.

2003-2005 жж. – Қорғалжын ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы.

2005-2011 жж. – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің аппарат жетекшісі, хатшысы.

2012 жылдың 20 қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Прочитано 174 раз
Другие материалы в этой категории: « БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚИЫНДЫҒЫ »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.