Жұма, 26 Сәуір 2019 12:59

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы президенттік сайлауға кандидат ретінде Жамбыл Ахметбековты бекітті Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

Коммунистер президенттік сайлауға қатысады. 26 сәуір күні елордада Қазақстан Коммунистік Халық партиясының кезектен тыс XIV съезі өтті. Съезде 2019 жылдың 9 маусымында өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ҚКХП ОК хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков бекітілді. 

«Халық коммунистері» парламенттік фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров алдағы президенттік сайлаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

«Бізді және әлемді Қазақстандағы билік транзиті қалай жүзеге асады деген сұрақ мазалады. Бағымызға орай, ол бейбіт түрде өтті. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы құрылған күннен бері осыған дейін өткен барлық сайлаудың белсенді қатысушы болды. 2005-2011-2015 жылдардағы президент сайлауларында ҚКХП кандидаттары 4-ші,3-ші, 2-ші орындардан көрінді. Әр сайлау сайын коммунистерді қолдаушылардың қатары ұлғайып отырды. Біздің өткен сайлауларда жинаған тәжірибеміз 2012, 2016 жылдар аралығында Парламент Мәжілісіне өтуге мүмкіндік берді. Біз ұлттық экономиканы жаңғыртуға, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға күш жұмсауды жалғастыра береміз және президент сайлауына өз кандидатымызды ұсынамыз», – деді партияның XIV кезектен тыс съезінде ҚКХП Орталық комитетінің хатшы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.

Жамбыл Ахметбеков әріптестеріне сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, сенім үддесінен шығуға уәде берді. 

 «Біз қарапайым халықтың мүддесін қорғаймыз. Біздің мақсатымыз қоғамда әлеуметтік әділдік пен халық билігін орнату. Еңбек адамының, қарттар мен жастардың және әйел-аналардың әлеуметтік жағдайын жақсарту!» – деп мәлімдеді Жамбыл Ахметбеков.

Съезге қатысқан коммунистер кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының жобасын мақұлдады. Құжатта қазақстандық коммунистердің күнделікті жұмыс барысында басшылыққа алатын ұстанымдары мен қағидалары, яғни ҚКХП мәжілісмендерінің Парламент мінберінен жолдайтын депутаттық сауалдарында, дөңгелек үстелдер мен сайлаушылармен өтетін кездесулерде талқыланатын сұрақтар қамтылды. 

Бұл – кедейшілікпен күрес және отандық өндірушілер мүддесін қорғау. Қазақстандық экономиканың және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Білім беру мен халықты әлеуметтік қорғау сапасын күшейту. Көршілес елдермен экономикалық интеграция және біздің республикамызға кері ықпалдарға қарсы тұру. Күнкөрістің шекті көрсеткішін шынайы бағалау және «астамшылыққа» сараланған салық енгізу. Сондай-ақ атқарылған жұмыстың нәтижесі ретінде – халықтың әл-ауқатының артуы. 

«Біздің партия республикадағы нақты қалыптасқан идеологиясы бар жалғыз партия» – деді өз сөзінде ҚКХП ОК хатшысы Дмитрий Легкий. 

Съезден соң Жамбыл Ахметбеков Орталық сайлау комиссиясына тіркелу үшін қажетті құжаттарды тапсырды.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының баспасөз қызметі

AkhmetbVib19 15AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14AkhmetbVib19 14

Прочитано 261 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.