Суббота, 27 апреля 2019 17:40

Жамбыл Ахметбеков мемлекеттік тіл сынағын сәтті тапсырды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

27 сәуір күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков лингвистикалық комиссияға мемлекеттік тілден емтихан тапсырды.

Лингвистикалық емтихан үш кезеңнен тұрды: оқу, жазу және топ алдында 15 минут сөз сөйлеу.

Жамбыл Ахметбеков жазба жұмысын "Рухани жаңғыру" бағдарламасына арнады. Оқу емтиханында Ілияс Есенберлиннің шығармасын таңдады. Үміткер топ алдында сөз сөйлеуде де өзін еркін сезінді.​

Лингвистикалық комиссия мүшелері бірауыздан Жамбыл Ахметбеков мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім шығарды. Бұл туралы лингвистикалық комиссияның мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім: "Сіздердің алдарыңызда ҚР Конституциясының 41-бабы 2- тармағына сәйкес, президенттікке Қазақстан Коммунистік Халық партиясы қоғамдық бірлестігінің атынан үміткер Ахметбеков Жамбыл Аужанұлының мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды. Лингвистикалық емтихан еліміздің Конституциялық кеңесінің ҚР Конституциясының 41- бабына 2 -тармағын түсіндіру қаулысына және Орталық сайлау комиссиясының президенттікке үміткердің мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі туралы қаулыға сәйкес үш кезең бойынша өтті. Комиссия жұмысының басталуына барлық бұқаралық ақпарат қүралдары қатысты. Жазбаша жұмыста "Рухани жаңғыру" деген тақырыпты таңдап алды. Екінші тапсырма бойынша жазушы Ілияс Есенберлиннің романын алды. Үшінші тапсырма бойынша үміткер ел бірлігі тақырыбында сөз сөйледі. Үміткер Жамбыл Ахметбеков тапсырған лингвистикалық емтихан нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия шешімі былай болды. Ол жазбаша жұмыс тақырыбы бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Екінші тапсырма бойынша І.Есенберлиннің "Қаһар" деген кітабынан үзінді оқыды. Ол оқу бойынша мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Үшінші тапсырма бойынша үміткер сөйлеуден мемлекеттік тілді еркін меңгергенін көрсетті. Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия ҚР Президенттігіне ҚКХП ұсынған үміткер Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген шешім шығарды. Комиссия қорытындысы бойынша үміткер Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы мемлекеттік тілді еркін меңгерген", - деді.​

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының баспасөз қызметі

EkzamenAkhmetb 7EkzamenAkhmetb 7EkzamenAkhmetb 7EkzamenAkhmetb 7EkzamenAkhmetb 7EkzamenAkhmetb 7

Прочитано 54 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.