Дүйсенбі, 29 Сәуір 2019 17:20

ОСК: «Коммунист Жамбыл Ахметбеков барлық талапқа сай» Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсынылған кандидат Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы ҚР Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сай.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында осыған қатысты қаулы қабылданды.

Құжатта: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 56-бабының 2-тармағына және 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ахметбеков Жамбыл Аужанұлының Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылған талаптарға сәйкес екені анықталсын.

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының сайлау комиссиялары Ахметбеков Жамбыл Аужанұлына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтарын берсін.
  2. Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына орындау үшін жіберілсін», –деп жазылған.

Басқосу барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов: «Комиссия Жамбыл Ахметбеков Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылған талаптарға сай деген шешім шығарды», – деп мәлімдеді.

Айта кетейік, 2019 жылғы 26 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2 тармағына және 55-бабына сәйкес Қазақстан Коммунистік Халық партиясы қоғамдық бірлестігінің Ахметбеков Жамбыл Аужанұлын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты оның тиісті құжаттары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды:

  1. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының кезектен тыс XIV съезінің Ахметбеков Жамбыл Аужанұлын Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
  2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
  3. Ахметбеков Жамбыл Аужанұлының өмірбаяндық деректері, жеке басын куәландыратын құжатының, жоғары оқу орнындағы білімі туралы дипломының көшірмелері, мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер қоса берілген, оның Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы өтініші.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ахметбеков Жамбыл Аужанұлының ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруде жәрдемдесуі үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салынып тиісті мәліметтер алынды.

2019 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Ахметбеков Жамбыл Аужанұлының мемлекеттік тілді еркін меңгергендігінін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы  өтті. Өткізілген емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ахметбеков Жамбыл Аужанұлының мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде шешім қабылдады (отырыстың 27 сәуірдегі №7 хаттамасы).

Орталық сайлау комиссиясы Ахметбеков Жамбыл Аужанұлының:

1) Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің мәліметтері негізінде тумысынан Республика азаматы болып табылатынын, соңғы он бес жыл ішінде Қазақстанда тұратындығын;

2) жоғары білімі бар екенін;

3) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің мәліметтері негізінде:

- соттылығының жоқтығын;

- сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартпағанын;

- белсенді сайлау құқығына ие екенін;

4)Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметтері негізінде мемлекеттік қызметте, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бар екенін анықтады.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының баспасөз қызмет

5cc6e13ae7d99 vybory25cc6e13ae7d99 vybory25cc6e13ae7d99 vybory2

Прочитано 170 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.