Четверг, 02 мая 2019 12:18

Астана қалалық комитеті қол жинау парақтарын тапсырды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) Астана қалалық комитеті Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясына кезектен тыс президент сайлауына партия атынан ұсынылған Жамбыл Ахметбековті қолдау парақтарын тапсырды.

29 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қол жинауға рұқсат берді. ҚКХП Астана қалалық комитеті бұл істі алғашқылардың бірі болып атқарды.

ҚКХП халық арасында зор беделге ие. «Шапағат» халықтық жобасы, тұрақты түрде ұйымдастырылатын семинарлар мен оқыту бағдарламалары, түрлі акциялар халықпен кері байланыс орнатуға оң ықпал еткен. Осы турасында ҚКХП Астана қалалық комитетінің бірінші хатшысы Нұрдаулет Оразханов: «Халық бізге сенеді, халық бізбен бірге. Соның айқын айғағы біз 8 мыңға жуық қол жинадық. Қол қойылған парақтарды қалалық сайлау комиссиясына өткізіп, электорат ҚКХП ұсынған кандидатты қолдайтынын дәлелдедік. Бүгінге дейін кандидаттың 204 сенім білдірілген адамдары жұмыс істеді. Бізге Қазақстан Коммунистік Жастар одағының белсенділері мен еріктілер қолдау көрсетті. Біз электораттың қуаты мен күшін және көмегін бірден сездік. Бұл – Қазақстан Коммунистік Халық партиясының халықшыл партия екенінің белгісі», - деді Нұрдәулет Оразханов.

Естеріңізге салайық, 2019 жылғы 26 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54-бабының 2 тармағына және 55-бабына сәйкес ҚКХП қоғамдық бірлестігінің Жамбыл Ахметбековті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты оның тиісті құжаттары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды.

ОСК ҚКХП атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсынылған кандидат Жамбыл Ахметбековті ҚР Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сай деп таныды. Бұл туралы ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов: «Комиссия Жамбыл Ахметбеков Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылған талаптарға сай деген шешім шығарды», – деді.

2019 жылғы 27 сәуірде Жамбыл Ахметбеков лингвистикалық комиссияға мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Нәтижесінде лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады (отырыстың 27 сәуірдегі №7 хаттамасы).

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының баспасөз қызметі

5cca8d1e09e12 vybory2019 15cca8d1e09e12 vybory2019 15cca8d1e09e12 vybory2019 15cca8d1e09e12 vybory2019 15cca8d1e09e12 vybory2019 15cca8d1e09e12 vybory2019 15cca8d1e09e12 vybory2019 15cca8d1e09e12 vybory2019 15cca8d1e09e12 vybory2019 1

Прочитано 80 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.