Понедельник, 13 мая 2019 13:41

ҚКХП Астана қалалық комитетінде сайлауалды штаб ашылды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Көпшіліктің дауыс беруімен қалалық штабтың жетекшілігіне қалалық комитеттің бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов, оның орынбасарлығына Ислам Сұңқар тағайындалды.

Штаб жетекшісінің сөзінше, алда атқаратын жұмыс көп.

«Үгіт-насихат жұмысы қарқынды болады. Біз қала тұрғындарының басым бөлігін қамтуды жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз ел азаматтарына партия атынан ҚР Президентінің сайлауына қатысып отырған кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру. Халықты коммунистерді қолдауға үгіттеу», – деді.

Нұрдәулет Оразхановтың мәлімдеуінше, үгіт-насихат жұмысы аясында

түрлі акциялар, флэш-мобтар, сенбілік және автошеру ұйымдастырылады.

Бұған қоса елордадағы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізіледі.

«Біз электоралды кезеңде «Есіктен есікке» акциясы арқылы әр үйдің тұрғынымен кездесеміз. Оларға партия және оның тұғырнамасы туралы мәлімет береміз», – деді қалалық штаб жетекшісі.

ҚҚХП Астана қалалық комитетінің сайлауалды штабы салтанатты түрде ашылғаннан кейін жиналғандар ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын талқылап, ақпараттық материал тарататын үгітшілердің құқығы мен міндетін нақтылады.

«Біз жеңістен үміттіміз!» – деп сенімді пікір білдірді Нұрдәулет Оразханов.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 105cd91da2a01e6 vybory19 finishnay 10

Прочитано 44 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.