Вторник, 14 мая 2019 11:42

ҚКХП кандидатының сенім білдірілген өкілі машина жасау зауытының ұжымымен кездесті Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының (ҚКХП) атынан ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбековтың Ақмола облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Бейсенбай Мәжитов Степногорск қаласындағы «Целингормаш» машина жасау зауытының ұжымымен кездесті.

Зауыт басшылары штаб жетекшісін-сенім білдірілген өкілді өндірістік цех жұмысымен таныстырды. Іс барысында Б.Мәжитовқа кәсіпорынның төл өнімдерді көрсетілді.

«Машина жасау өндірісі – индустриялық бағытта дамыған елдің ұлттық экономикасының негізгі әрі маңызды салаларының бірі. Дәл осы сала қазына қаржысын еселеуге, адамдардың жұмыспен қамтылуына, сонымен қатар олардың әл-ауқатының артуына өлшеусіз үлес қосады», – деді Ақмола облыстық сайлауалды штабының жетекшісі.

Бұдан кейін Б.Мәжитов жиналғандарды ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.

«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы бұқараның жақтаушысы ретінде 15 жылдан бері саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді. Біз шикізатқа тәуелді емес экономиканың дамығанын қалаймыз. Осы арқылы бәсекеге қабілетті болуға ұмтыламыз. Біз батыстың ықпалы мен жалған құндылықтарынан бас тарту, барлық қашқын олигархтарды сотқа тарту, кедейлікпен күрес, көрші елдермен экономикалық интеграция және қолданысқа әділетті салық салу жүйесін енгізу арқылы жарқын болашаққа қадам жасауға болатынына сенеміз», – деді ол.

ҚР Президенттігіне кандидаттың сенімді өкілі қарапайым еңбек адамы лайықты жалақы алу, жайлы жағдаймен қамтылу, әлеуметтік жеңілдікке ие болу сынды басымдықтарға ие екенін және оны тиісінше қолдану қажеттігін айтты.

Кездесуге келген қала тұрғындары Б.Мәжитовқа өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақ қойды. Ол әр адамның қымбатшылыққа, зейнет жасына, тұрғын үйге, әлеуметтік көмек пен жәрдемақыға қатысты сауалдарын мұқият тыңдап, нақты мысалмен жауап берді.

«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы бұған дейін бір емес, бірнеше сайлауға қатысқан. Бізді қолдайтын, бізге сенетін сайлаушы көп. Біз олардың сенімін, үмітін ақтаймыз. Баршаңызды алдағы сайлауға қатысып, коммунистерді қолдауға шақырамын», – деп түйді ойын Б. Мәжитов.

Айта кетейік, «Целингормаш» ЖШС зауыты машина жасаумен айналысады. Зауыт тау-кен техникасы құрылғыларын, энергия өндіретін нысандарға арналған жабдық, жүк вагондарына қосалқы бөлшек сонымен қатар химия саласындағы кәсіпорындарға қосалқы бөлшек шығарады.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 45cda4bdf5e97e Vstrecha Stepnag 4

 

Прочитано 191 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.