Среда, 15 мая 2019 14:23

Коммунист Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының атынан ҚР президенттігіне ұсынылған кандидат Жамбыл Ахметбеков Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында болды. Коммунисті Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Амангелдинов қарсы алып, қорыққа бастап барды.

Қорық қызметкерлері Ж.Ахметбековтың жерлестері болғандықтан бірден емен-жарқын әңгіме басталып кетті.

Ж.Ахметбеков президент сайлауына ҚКХП атынан қатысып отырғанын,

ҚКХП ОК хатшысы, Парламент Мәжілісіндегі "Халық коммунистері" фракциясының-ҚКХП республикалық штабының жетекшісі Айқын Қоңыров

бастаған сайлауалды кампания өкілдері өзіне сенім артып, үлкен қолдау көрсетіп жатқанын жеткізді. Осыдан соң жиналғандарға сайлауалды тұғырнамасының бес басым бағытын түсіндірді.

"Біз "Адал еңбек қоғам мүддесі үшін!" деген ұран арқылы қарапайым адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш жұмсауды көздеп отырмыз. Осы тұрғыдан алғанда кедейшілікпен күрес негізгі ұстанымымыз болмақ. Еңбек адамы жоғары жалақы алуға және лайықты өмір сүруге тиіс. Олигархтар халық есебінен күн көрмеуі керек. Оларға ерекше салық салу қажет",- деді Ж.Ахметбеков.

Өз кезегінде қорық қызметкерлері жерлестеріне Астана-Қорғалжын бағытындағы автожол мәселесін депутаттық сауалына арқау еткені және оның жөнделуіне ықпал жасағаны үшін алғыс айтты.

"Коммунистер президент сайлауына лайықты кандидат ұсынып отыр. Біз партияны да, оның кандидатын да қолдаймыз",- деді кездесуде полиция подполковнигі, зейнеткер Бейсенбек Төлепов.

ҚКХП баспасөз қызметі.

5cdbeaa44d89e photo 2019 05 15 16 30 055cdbeaa44d89e photo 2019 05 15 16 30 055cdbeaa44d89e photo 2019 05 15 16 30 055cdbb655e07a6 astana 15cdbb655e07a6 astana 15cdbb655e07a6 astana 15cdbb655e07a6 astana 15cdbb655e07a6 astana 1

Прочитано 80 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.