Четверг, 16 мая 2019 10:45

Нұр-Сұлтан қалалық комитеттің "Астана Электротехникалық зауыты" ЖШС кездесуі Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

Нұр-Сұлтан қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Нұр-Сұлтан қ. сайлауалды штабының жетекшісі Н.Оразханов қалалық комитеттің активімен бірге Қазақстанның электротехникалық құрылғыларын өндіретін алдыңғы қатарлы кәсіпорны "Астана электротехникалық зауыты" ЖШС-да болып қайтты. Бұл кәсіпорын өндіріс ауқымын арттыру мен жетілдіру қарқыны бойынша да алда келе жатыр.  

Еңбек ұжымы алдындағы сөзінде Н.Оразханов электротехникалық құрылғыларды өндіру елдің өндіріс саласында әрқашанда сұранысқа ие екендігін атап өтті. Үміткердің өкілі қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінде орынға ие Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мемлекеттік деңгейде қарапайым халық мүддесін қорғау бойынша жұмыс атқарып жатқанын айтты. "Халық коммунистері" фракциясы халықпен тығыз жұмыс жасайды, халықтың шағымдарын қарастырып, мемлекеттік органдар мен министрліктерге әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдайды.

Үміткер, партия және оның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы қазақстандық саясаттың бел ортасында еңбек адамы, оның өмірі, зияткерлігі, мәдениеті мен саламаттылығы, ел мен қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысы болуын талап етуді жалғастырады.

"Біз, Қазақстанның көптеген сайлаушылары біздің экономикадағы, әлеуметтік-саяси өмірдегі ұстанымымызды қолдайтынына сенеміз, сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында біздің үміткерге дауыс беруге шақырамыз", - деді Н.Оразханов.  

Қалалық комитет жетекшісі сайлауалды бағдарламаны таныстырып, тұғырнаманың барлық бағыттарын қысқаша мазмұндап берді. Ол ҚКХП үнемі қарапайым азаматтардың мүддесін қорғауға басымдық беріп отыратындығын атап өтті.

Қатысушылар азық-түлік пен көпшілік қолданатын тауар бағасының өсуі, медициналық қызметтің сапасы, баспана, зейнетақы жүйесі, жалпы әлемдегі және елдегі экономикалық жағдай төңірегінде сұрақтар қойды.

Н.Оразханов сұрақтарға жауап берген соң, кәсіпорын қызметкрелеріне алғысын білдіріп, әрбір азаматты ҚР Президентінің сайлауына белсене қатысуға шақырды.

Штаб жетекшісінің айтуынша, үгіт-насихат жұмысы белсенді түрде атқарылып жатыр. Штаб кеңсесі журналистер мен сарапшылар үшін үнемі ашық, үгіт-насихат өнімдері жеткілікті және үміткердің сайлауалды командасының мүшелері қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 585cdcec4c6c922 photo 2019 05 16 10 25 58

Прочитано 42 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.