Пятница, 17 мая 2019 12:06

"Халық коммунистері" фракциясы депуттарының облыстық штабтармен кеңейтілген отырысы Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық сайлауалды штабында республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Айқын Қоныров және "Халық коммунистері" депутаттық фракциясының партияның үгіт топтарының облыстық штабтарымен кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс видеоконференция арқылы өткізілді. Қатысушылар үгіт-насихат жұмысы мен қолданыстағы заңнамаларды сақтауға қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады. Үміткердің аймақтардағы сайлаушылармен кездесулері туралы қысқаша баяндалып, қатардағы азаматтар партияның жұмысына, оның идеялары мен ұстанымдарына қызығушылық танытып жатқандығы аталып өтілді.

Республикалық штаб жетекшісі А.Қоңыров ағымдағы жағдай мен штаб жұмысы жайлы айтып берді. Ол барлық іс-шаралар белгіленген уақытында және жоспарға сай өткізіліп жатқандығын айтты.  

БАҚ-қа үміткерді қолдау мақсатында жарнама берілді, жарнама құрылғыларына сайлауалды билбордтар ілінген, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс атқарылып жатыр.

   Сонымен қатар қалалық және облыстық комитеттердің бірінші хатшыларының аралық есептері тыңдалды.

Кездесу соңында спикерлер штаб қызметкерлеріне алғыс білдіріп, сайлауалды жарыс қызу үстінде алда әлі де жемісті еңбек атқару керектігін айтты.  

ҚКХП – «халық жақтаушыларының» партиясы, 15 жылдан астам өз жұмысын бірнеше маңызды бағыттарға арнап келеді. Біз, Қазақстанның көптеген сайлаушылары біздің экономикадағы, әлеуметтік-саяси өмірдегі ұстанымымызды қолдайтынына сенеміз.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cde4c281a136 photo 2019 05 17 11 47 555cde4c281a136 photo 2019 05 17 11 47 555cde4c281a136 photo 2019 05 17 11 47 555cde4c281a136 photo 2019 05 17 11 47 555cde4c281a136 photo 2019 05 17 11 47 555cde4c281a136 photo 2019 05 17 11 47 55

Прочитано 177 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.