Понедельник, 20 мая 2019 14:26

ҚКХП өкілдері Қызылорда қалалық автобус паркінің еңбек ұжымымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Облыстық сайлауалды штаб өкілдері Қызылорда қалалық автобус паркінің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырды.

ҚКХП Қызылорда облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев жиналғандарға партияның сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Ол марксистік-лениндік ұстанымдардың маңызды тұстарын тілге тиек етіп, коммунистік тәрбиенің тәжірибелік аспектілері мен коммунистердің батыстың кері құндылықтарына қарсы жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды.

Сонымен қатар ол Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өз жақтастарының мүддесін қорғайтын саяси ұйым екенін ерекше атап өтті.

«Қазақстан – мұнай, газ, титан, магний, қалайы, уран, алтын және басқа да түрлі-түсті металл қоры бойынша әлемдегі бай елдердің бірі. Біздің елде мұнай мен газдың 256 кен орны барланған. Қазақстанның мұнай және газ қоры 11 миллиард тоннаны құрайды. 2018 жылы Қазақстанда рекордтық деңгейде 90 млн тонна мұнай мен 55 млрд шаршы метр газ өндірілген. Қазақстан әлем бойынша вольфрамның ірі өндірушісі болып табылады, біз хром және фосфор кенінің қоры бойынша екінші, ал қорғасын мен молибденнің барланған шоғыры бойынша төртінші, 16,6 миллиард тонна темір кенінің жалпы қоры бойынша сегізінше орындамыз», – деп статистикалық мәлімет келтірді Т.Телеубаев.

Бұл ресурстарды дұрыс пайдаланған жағдайда Қазақстан өмір сүру деңгейі бойынша Кувейтпен, Біріккен Араб Әмірліктерімен және Норвегиямен иық тіресе алады деп санайды штаб жетекшісі.

Өз сөзінде облыстық сайлауалды штаб жетекшісі коммунистік идеология сынға жиі ұшырайтынын айтты. Оның сөзінше, бұрынғы ізашарлардың қателіктерінен сабақ алған ҚКХП қазір қазақстандықтардың сеніміне ие болып отыр.

«Үміткер, партия және фракция қазақстандық саясаттың бел ортасында еңбек адамы, оның өмірі, зияткерлігі, мәдениеті мен саламаттылығы, ел мен қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысы болуын талап етуді жалғастырады береді», – деді спикер.

Т. Телеубаевтың сөзінше, заманауи Қазақстанның басты жетістігі – бейбітшілік пен ұлтаралық келісім. Оны қадірлей және сақтай білу қажет. Эгоцентрлі индивидуализм жаңа батыстық дәстүр ізбасарларының мінез-құлқына тән болып табылады. Ол көпұлтты Қазақстан халқының бірегей мәдениетіне, біздің ділімізге, моральдық межемізге жат.

Автобус паркінің жұмысшылары ҚКХП үміткерінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі тезистерін оң қабылдады.

Қызылорда Автобус паркі ЖШС-ның бас инженері Сайлаухан Постанов ҚКХП үміткерінің сайлауалды тұғырнамасы көңіліне қонғанын атап көрсетіп: «Біз ата-әженің тәрбиесін көріп өскен ұрпақпыз, балаларымыз да ата-әженің бауырында болғанын қалаймыз. Осы тұрғыдан алған коммунистердің сайлауалды бағдарламасы жаныма жақын. Алдағы сайлауда ұрпағымның болашағы үшін лайықты таңдау жасаймын деп ойлаймын», - деді.

Кездесу соңында Т.Телеубаев: «Біз, Қазақстанның коммунистері, ортақ істі қолдаймыз! Біздің сеніміміз бірлік, мейірімділік пен гүлдену сияқты баршаға түсінікті әрі қарапайым ұғымдар аясында нығаяды», – деп мәлімдеді.

Ол сайлаушыларды 9 маусым күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауында белсенді болуға және азаматтық борыштарын орындауға шақырды.

5ce26400ea477 kyzylorda 25ce265d65128a photo 2019 05 20 14 30 115ce265d65128a photo 2019 05 20 14 30 115ce265d65128a photo 2019 05 20 14 30 115ce265d65128a photo 2019 05 20 14 30 115ce265d65128a photo 2019 05 20 14 30 11

 

 

 

 

Прочитано 111 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.