Вторник, 21 мая 2019 12:12

ҚКХП өкілдері «Облыстық медицина орталығы» қызметкерлерімен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

21 мамыр күні Қызылордада облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Т.Телеубаев және партиялық комитеттің белсенділері Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық медицина орталығында» (Абай даңғылы 65) медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Ей алдымен облыстық штаб жетекшісі орталықтың ұжымымен және қызметімен танысты.

Телеубаев үміткер атынан ҚКХП-ның ҚР Парламенті Мәжілісінде мемлекеттік деңгейде жұмысшы таптың мүддесін қорғау мүмкіндігі бар екенін айтты. Партия өкілдері әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді көтереді, соның ішінде депутаттардың медицина саласына қатысты көтерген мәселелері ерекше аталып өтілді.

Кейін Телеубаев сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағыт-бағдарына тоқталды. Ол елдегі кедейшіліктің шынайы деңгейін қайта санау керектігін және бұл құбылысты өзекті әлеуметтік мәселе деп тану қажеттігін атап өтті.

Ол: «Қазақстанда ауқатты және өте ауқаттылардың саны өте көп. Мұнымен қатар кедейлік шегінде немесе оған жақын деңгейде өмір сүретін адамдардың саны артып келеді. Қазақстанның салық салу жүйесі байлар үшін елімізді жұмаққа айналдырып отыр. Бұл әділетсіз!», - деп мәлімдеді.

Қоғам әділетсіз табысқа көнбеуі тиіс. Біздің халықты, біздің экономиканы тонап жатқан адамдар қай жақта жасырынып жатса да, әділ сотқа берілуі тиіс. Орта тапты қозғамай, үстеме табысқа ие адамдарға табыс салығының жоғарғы мөлшерлемесін қолдану қажет.

«Бізден ұрланған капиталдарды халыққа қайтаруға мемлекет пен қоғамның бар күшін салатын уақыт жетті. Бұл салада заңнаманы күшейту және бұл күресте әлемдік қауымдастықтармен өзара ықпалдастықты жандандыру қажет. Халықтың ақшасы халық мүддесі үшін қызмет етуі тиіс. Барлық қашқын олигархтар сотқа тартылуы тиіс!», - деп түйіндеді Телеубаев.

Сонымен қатар Т.Телеубаев партия адам өмірінің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік саясаттың іске асырылып жатқан стратегиялық басымдықтарын қолдайтынын және медицина саласы қызметкерлерімен қатар халық салауаты үшін еңбек етуді өзінің борышы санайтынын атап өтті.

Спикерлердің сөздерінен кейін кездесу қатысушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойды. Олардың басым бөлігі медқызметкерлердің жалақысын көтеру, баспанамен қамту, кадр тапшылығы және т.б. болды.

ҚКХП баспасөз қызметі

5ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 25ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 25ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 25ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 25ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 25ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 25ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 25ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 25ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 25ce39617c2e6a vstrecha s vrachami 2

Прочитано 232 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.