Вторник, 28 мая 2019 14:07

Коммунистер Жамбыл облысының еңбек ұжымдарымен кездесті Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

28 мамыр күні Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Қаратау кентінде ҚКХП Жамбыл облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Ж.Нұрәлиев Мәдениет үйінде (Панфилов к., 1) қала сайлаушыларымен және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Өз сөзінде Ж.Нұрәлиев ҚКХП-ның интернационализм мен әлеуметтік әділдік сияқты басты ұстанымдарына тоқталды. Ол қоғамның дамуы әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен келісімге байланысты және ҚКХП әрқашанда интернационализм принципін ұстанатынын айтты. Штаб өкілі ұраны "Адал еңбек қоғам мүддесі үшін!" деп аталатын сайлауалды тұғырнаманы таныстырып болған соң, Қазақстанның салық салу жүйесі байлар үшін елімізді жұмаққа айналдырып отыр, бұл әділетсіздік екеніне ерекше тоқталды. "Қазақстанда ауқатты және өте ауқатты адамдардың саны өте көп. Мұнымен қатар кедейлік шегінде немесе оған жақын деңгейде өмір сүретін адамдардың саны артып келеді. осыған орай орта тапты қозғамай, үстеме табысқа ие адамдарға табыс салығының жоғары мөлшерлемесін қолдану қажет",- деді ол.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстан болашағы алдында мемлекет пен азаматтардың жауапкершілігі тақырыбы қозғалды. Нұрәлиев сайлау демократиялық құрылымның маңызды бөлігі екенін атап өтті. Сайлаушылар ҚКХП үміткерінің сайлауалды тұғырнамасының тезистерін жақсы қабылдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Олардың дені жұмыссыздық, төмен жалақы, қаладағы су мәселесіне қатысты болды. Нұрәлиев сайлаушыларды 9 маусым күні өтетін Президенттік сайлауға белсене қатысып, лайықты үміткерге дауыс беруге шақырды.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cecca4f889da Vstrecha 28 25cecca4f889da Vstrecha 28 25cecca4f889da Vstrecha 28 25cecca4f889da Vstrecha 28 25cecca4f889da Vstrecha 28 2

Прочитано 110 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.