Четверг, 30 мая 2019 21:10

«Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне сұхбат берді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) Орталық комитетінің хатшысы, Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров Қытай Халық Республикасының (ҚХР) мемлекеттік «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық және достық қарым-қатынас туралы сұхбат берді.

Екі ел арасындағы тарихи байланыс Жібек жолы бойынан, ал дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 3 - қаңтарынан басталатынын баяндаған А.Қоңыров Қазақстан мен Қытай көрші әрі дос мемлекет екенін айтты.

«Екі ел арасындағы бұрынғы тарихи достық «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламалары арқылы қайта жанданып жатыр. Қазақстан мен Қытай арасындағы достық сенімді саясатқа, тұрақты экономикалық және мәдени байланысқа негізделген», – деді ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы.

Айқын Қоңыров Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы арасында тұрақты әрі байсалды байланыс бар екенін, қазақстандық коммунистер Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісімен тығыз қарым-қатынас орнатқанын атап көрсетті.

«Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тауар айналымы жылдан-жылға артып келеді. Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтып жатыр. Ресми Нұр-Сұлтан мен мен Бейжің 2020 жылға қарай өзара тауар айналымын 20 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр», – деді «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі.

А.Қоңыров Қытай мен Қазақстан дос, көрші ғана емес, шекаралас ел және бір-біріне тиімді серіктес екенін айтты.

«Осыдан 27 жыл бұрын орнатылған дипломатиялық қарым-қатынас іскерлік байланысқа ұласып, үздіксіз жалғасып келеді. Қазақстан Қытаймен стратегиялық ынтымақтастығын дамыта береді. Біз екіжақты байланыстың тамыры терең болғанын қалаймыз», – деді депутат.

Құрамында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейтін әлемге әйгілі «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің тілшілері А.Қоңыровқа мазмұнды әрі мағыналы сұхбаты үшін алғыс білдірді.

ҚКХП баспасөз қызметі

ViborySinhua 3ViborySinhua 3ViborySinhua 3

Прочитано 110 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.