Пятница, 31 мая 2019 11:59

Облыстық сайлауалды штаб өкілі №5 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

31 мамырда Алматы облысы Ескелді ауданы Текелі қаласында Алматы облыстық сайлауалды штабының жетекшісі С.Биғарова №5 мектеп-лицейінің (Тәуелсіздік көш., 23) педагогикалық ұжымымен кездесті.

Басқосу барысында С.Биғарова ұстаздар қауымына Қазақстан Коммунистік Халық партиясының қызметі мен сайлауалды тұғырнаманы таныстырды.

Оның сөзінше, эгоцентрлі индивидуализм жаңа батыстық дәстүр ізбасарларының мінез-құлқына тән. Ол көпұлтты Қазақстан халқының бірегей мәдениетіне, біздің ділімізге, моральдық межемізге жат.

«Біз, барлығымыз, «Көк киттің» деструктивті қызметінің, оның сұмдық нәтижесінің куәгері болдық.Мемлекет біздің балаларымызды интернет-контенттің кері әсерінен қорғауы тиіс», – деді С.Биғарова.

Облыстық сайлауалды штаб жетекшісінің пікірінше, көркем әдебиет, ұлттық және әлемдік классиканың үздік шығармаларын оқытуды насихаттауға ерекше назар аудару қажет. Әдебиет заманауи және болашақ ұрпақтың рухани азығы болуы тиіс.

С. Биғарова ұрпақ тәрбиесі үшін ұстаздар қауымына алғыс білдіріп, олардың барлығын 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға шақырды.

Іс барысында С. Биғарова ұстаздар қауымымен мезгіл мәселелерін талқылап, пікіралмасты. Негізгі әңгіме «Мұғалім мәртебесі» төңірегінде өрбіді.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cf0c32a5f995 photo 2019 05 31 11 54 065cf0c32a5f995 photo 2019 05 31 11 54 065cf0c32a5f995 photo 2019 05 31 11 54 065cf0c32a5f995 photo 2019 05 31 11 54 06

 

Прочитано 107 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.