Понедельник, 03 июня 2019 11:30

Үміткер Ж.Ахметбеков қалалық Мәдениет үйінде Семей тұрғындарымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

3 маусым күні ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың Семей қаласында қала тұрғындарымен және партия активімен кездесуі өтті.

Үміткер Қазақстан Коммунистік Халық партиясы еңбекші халық мүддесін қорғау бойынша тапжылмас жұмыс атқарып келе жатқанын айтты. "Халық коммунистері" депутаттық фракциясы үнемі өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, оңтайлы шешімдер ұсынады. Сондықтан халыққа партияның бағдарламасы, идеялары мен ұстанымдары жақын.

Халық үміткері сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілеріне тоқталып, қатысушылардың назарын бағдарламаның басты бағыттарының бірі кедейлікпен күреске аудартты. Үміткер партия отандық тауарға, әсіресе АӨК өнімдеріне тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасымен бірге кедейлікпен күресу бағдарламасын қабылдауды, оны іске асыруды бірнеше рет ұсынғанын және оның жүзеге асырылуы үшін жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар үміткер батыстың ақшаға табынушылық, кез келген жолмен табыс табу және адамгершілікке жат дәстүрі біздің Отанымыз үшін қауіпті екенін айтты. Эгоцентрлі индивидуализм жаңа батыстық дәстүр ізбасарларының мінез-құлқына тән болып табылады. Ол көпұлтты Қазақстан халқының бірегей мәдениетіне, біздің ділімізге, моральдық межемізге жат.

Жиналғандар ҚКХП атынан ҚР Президенттігіне үміткердің үндеуіне қолдау білдіріп, ішкі мемлекеттік саясат еңбек адамына деген әділетті қарым-қатынасқа басымдық беру керектігін атап өтті. Қатысушылар үміткерге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Олардың қатарында жалақы көлемін арттыру мен еңбек жағдайын жақсарту, медициналық қызметпен қамту және баспана

мәселесі болды.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cf4af9aab309 vstrecha v Semei 03.02 45cf4af9aab309 vstrecha v Semei 03.02 45cf4af9aab309 vstrecha v Semei 03.02 45cf4af9aab309 vstrecha v Semei 03.02 45cf4af9aab309 vstrecha v Semei 03.02 45cf4af9aab309 vstrecha v Semei 03.02 45cf4af9aab309 vstrecha v Semei 03.02 45cf4af9aab309 vstrecha v Semei 03.02 4

Прочитано 208 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.